+127 бонус

ТРЕНТАЛ 400 мг №20 таб

2540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пентоксифиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Санофи Индия Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - пентоксифиллин 400.00 мг, қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, поливинилпирролидон, тальк, магний стеараты қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы Е171, тальк, полиэтиленгликоль 8000
Қолданылуы
– Fontaine (мезгіл-мезгіл ақсақтық) бойынша IIb сатысы аяқ артерияларының созылмалы облитерациялайтын ауруы бар пациенттерде ауыртпай жүру қашықтығын ұлғайту, егер жаяу жүру жаттығулары, қантамырларының өткізгіштігін қалпына келтіру емшаралары және/немесе реконструктивті араласымдар сияқты басқа емдеу әдістерін жүргізу мүмкін болмаса немесе орынсыз болса. – қан айналымының жеткіліксіздігінен туындаған ішкі құлақ функциясының бұзылуы (есту мүкістігі, есту қабілетінің кенеттен жоғалуы және т. б.) – балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қарсы көрсетілімдер
– пентоксифиллинге және басқа метилксантиндерге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық – жедел миокард инфарктісі – бассүйекішілік қан құйылулар немесе басқа клиникалық маңызды қан кетулер (қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты) – асқазан және/немесе ішектің ойық жаралары – геморрагиялық диатез – торқабыққа қан құйылулар (қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты) – балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Трентал препаратымен емдеу кезінде торқабыққа қан құйылулар дамыған кезде препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек.
Дозасы
Fontaine (мезгіл-мезгіл ақсақтық) бойынша IIb сатысы аяқ артерияларының созылмалы облитерациялайтын ауруы Егер дәрігермен басқаша тағайындалмаса, тәулігіне 3 рет (бұл тәулігіне 1200 мг сәйкес келеді) 1 таблеткадан (400 мг) қабылдау ұсынылады. Қан айналымының жеткіліксіздігінен туындаған ішкі құлақ функциясының бұзылуы (есту мүкістігі, есту қабілетінің кенеттен жоғалуы және т. б.) Егер дәрігермен басқаша тағайындалмаса, тәулігіне 2-3 рет (бұл тәулігіне 800-1200 мг сәйкес келеді) 1 таблеткадан (400 мг) қабылдау ұсынылады. Қан айналымының ауыр бұзылулары кезінде препаратты пероральді қолданумен бірге Тренталдың (100 мг немесе 300 мг) вена ішіне инфузиясын қамтитын біріктірілген ем мүмкін болады. Жалпы тәуліктік доза (пероральді + вена ішіне) 1200 мг пентоксифиллиннен айтарлықтай аспауы тиіс. Аурудың ауырлығына байланысты тек пероральді қабылдау, біріктірілген (пероральді + вена ішіне қабылдау) немесе тек вена ішіне енгізу қолданылуы мүмкін. Таблеткаларды шайнамай, тамақтан кейін сұйықтықтың жеткілікті мөлшeрімен бүтіндей ішу керек. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігермен клиникалық көрініске байланысты жекелей анықталады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Дозалау туралы шешімді дәрігер аурудың ауырлығын және препараттың жағымдылығын ескере отырып, жекелей қабылдайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының айқын бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) жеке жағымдылықты ескере отырып, дозаны түзету қажет. Тәуліктік дозаны стандарттан 50-70 % дейін төмендету, мысалы: тәулігіне 3 реттің орнына, тәулігіне 2 рет 400 мг қабылдау ұсынылады. Басқалары Төмен немесе тұрақсыз артериялық қысымы бар пациенттерге дозаны жекелей таңдау қажет болуы мүмкін. Ескерту: Тамақ асқазан-ішек жолдары арқылы тез өткен жағдайда (мысалы, іш жүргізетін дәрілерді қабылдау, диарея, операциядан кейін ішектің қысқаруы) жекелеген жағдайларда таблеткалардың қалдықтары нәжіспен бөлінуі мүмкін. Егер мұндай құбылыс эпизодты туындаса, ол клиникалық маңызға ие емес. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Емдеу ұзақтығы Препарат әсері 2-4 апта ішінде байқалуы мүмкін болғандықтан, кем дегенде, 8 апта бойы емдеуді жалғастыру ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.