+137 бонус

ТРЕНТАЛ 100 мг/5 мл № 5 амп

2740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пентоксифиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Санофи Индия Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
- қан айналымы қоры сақталған пациенттерде атеросклероздық генезді шеткергі қан айналымының бұзылуы (оның ішінде «мезгіл-мезгіл» ақсаңдау) - терапияның басқа түрлерін (мысалы, емдік мақсатта жүру, қалпына келтіру процедуралары) жүзеге асыру мүмкін болмаған немесе көрсетілмеген жағдайда ғана жүргізілуі керек. - қан тамырлық генезді ортаңғы құлақ функциясының бұзылуы
Қарсы көрсетілімдер
пентоксифиллинге, басқа метилксантиндерге (мысалы, кофеин, теобромин, теофиллин) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ауқымды қан кету болатын науқастар (қан кетудің күшею қатері) көз торқабығына ауқымды қан құйылулар (қан кетудің күшею қатері) 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге жедел миокард инфарктісі миға қан құйылу жүктілік және бала емізу кезеңі балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Аурудың ауырлығына қарай Трентал препаратын парентеральді немесе біріктірілген (пероральді + парентеральді) түрлерде тағайындауға болады. Артериялық қысымы төмендеп кеткен немесе тұрақсыз пациенттерге арнайы дозалау қажет болуы мүмкін. Дозалау және енгізу тәсілі (пероральді немесе вена ішіне) аурудың типіне және ауырлығына (қан айналымының бұзылулары), сондай-ақ науқастардың жеке дәрілік төзімділігіне байланысты. Доза, әдетте, келесі қағидаларды жетекшілікке ала отырып, таңдалады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Бауыр функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде емдеуші дәрігер аурудың ауырлығына және пациентке жағымдылығына қарай әркімге жеке тағайындауы тиіс дозаны төмендету де қажет болады. Емдеу ұзақтығын пациенттің жеке клиникалық жай-күйіне қарай емдеуші дәрігер белгілейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарға (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен), жеке жағымдылығына қарай, дозаны шамамен 30-50% төмендету қажет болуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Инфузиялық емдеу Парентеральді емдеудің ең тиімді және жағымды түрі вена ішіне енгізу болып табылады. Сондықтан, мүмкіндігінше, осылай емдеу ұтымды болуы тиіс. Артериялық гипертензия немесе қан айналымы жүйесінің тұрақсыз функциясы бар пациенттерде инфузияны дозасын біртіндеп бірізді арттырылатын төмен дозаны енгізуден бастау керек, сондықтан осы жағдайларда кез келген тамыр тарылтатын агентті енгізу коллапсқа бейімдейтін және кейбір жағдайларда стенокардия симптомдарымен артериялық қысымның уақытша төмендеуін туындатуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі жағдайында инфузияны тағайындалған емдеуден кейін ғана қолдану керек. Осындай пациенттерге инфузияны көп көлемде енгізіп алмау керек. Осындай жағдайларда инфузиялық помпаны қолдану пайдалы. Қан айналымының бұзылу ауырлығына, пациенттің дене салмағына және оған препараттың жағымдылығына қарай венаішілік инфузияны келесі сызба бойынша қолдану ұсынылады (ШАОА II сатысы (мезгіл-мезгіл ақсаңдау) және көздің торқабығындағы және тамырлы қабығындағы қан айналымының бұзылулары: емдеудің басталуы немесе пероральді емді демеу): тәулігіне бір немесе екі рет 100-500 мл тиісті ерітіндіде сұйылтылған 100 мг - 600 мг пентоксифиллин. Инфузия 100 мг пентоксифиллин / 60 минут есебімен жүргізіледі. Инфузияға арналған ерітінді ретінде теңестірілген тұз ерітіндісін, Рингер лактат ерітіндісін, 5% левулоза ерітіндісін, глюкоза ерітіндісін немесе басқа плазма алмастырғыштарын пайдалануға болады. Сұйылту үшін пайдаланылатын ерітіндінің фармацевтикалық үйлесімділігін әрбір жағдайда енгізер алдында тексеру керек. Қатар жүретін ауруларға қарай (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) енгізілетін инфузия көлемін азайту қажет болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бақыланатын көлемі бар инфузиялық помпаны пайдалану қажет. Егер төмен дозалармен инфузиялық емдеу пероральді еммен біріктірілсе, ұсынылатын жалпы тәуліктік доза 1200 мг Трентал (вена ішіне + пероральді) құрайды. Келесі емді пентоксифилиннің (пероральді) таблеткаланған түрімен ғана жалғастыруға кеңес беріледі. Асқынып кеткен патологиялық жай-күйлер жағдайында, әсіресе, тыныштық күйіндегі қатты ауырсынуы, гангрена немесе ойық жара бар (ШАОА III және IV сатылары) пациенттерде жалпы тәуліктік доза 1200 мг Трентал мөлшерінен аспауы тиіс, тиісті жеткізгіш-еріткіште немесе 24 сағат ішінде үздіксіз инфузия ретінде енгізу ұсынылады, препарат дозасын пентоксифиллин енгізу жылдамдығы 0,6 мг/кг/сағат құрайтындай немесе алты сағаттан кем емес кезеңдер ішінде күніне екі рет енгізілетін 600 мг инфузия ретінде есептеу керек. Осылайша, есепті тәуліктік дозасы дене салмағы 70 кг пациент үшін 1000 мг пентоксифиллин және дене салмағы 80 кг пациент үшін 1150 мг пентоксифиллин құрайды. Инфузия көлемін басқа ауруларды ескерумен әркімге жеке таңдау керек. Қатар жүретін ауруларға қарай (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) енгізілетін инфузия көлемін азайту қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайларда бақыланатын көлемі бар инфузиялық помпа қажет. Әдетте, ұсынылатын доза 1000-1500 мл / 24 сағат құрайды. Келесі емдеуге қатысты, клиникалық жай-күй жақсарғанда емді пероральді жалғастыруға болады. Инъекциялармен емдеу Ұсынылатын тәуліктік доза 100 мг (5 мл ампула) құрайды, ол пациентке жатқан қалыпта ең қысқа ұзақтық ретінде 5 минут ішінде өте баяу енгізілу керек. Инъекцияға арналған венаішілік ерітіндіні (одан әрі - инъекциялық ерітінді) біріншісінен кейін бірден қайта енгізуге болмайды. Инъекциялар және инфузияларды ұсынылуынан қысқалау мерзімдерде қолдануға болмайды. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: Тренталмен жедел артық дозаланудың бастапқы симптомдары жүрек айну, бас айналу, тахикардия немесе артериялық қысымның түсіп кетуі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, дене температурасының көтерілуі, ажитация, қан кернеулер, естен тану, арефлексия, тонус- клонустық конвульсиялар және асқазан-ішектен қан кету белгісі ретінде қою кофе тәріздес құсу симптомдары болуы мүмкін. Емдеу: мұқият бақылау және артериялық қысымды, тыныс алу деңгейін түзету ұсынылады, симптоматикалық емдеу, құрысулар туындағанда – диазепам енгізу. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім Емдеуді тоқтатпас бұрын өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі - тері қабатын қан «кернеуі» - асқазан аумағындағы қысым мен толу сезімі, жүрек айну, құсу, диарея Жиі емес - ажитация, ұйқы бұзылуы - бас айналу, тремор, бас ауыру - көру бұзылыстары, конъюнктивит - аритмия, тахикардия - қышыну, эритема (терінің қызаруы), есекжем - безгек Сирек - стенокардия - шеткергі ісіну - теріде және шырышты қабаттарға қан құйылуы - несеп шығару жолынан қан кету - қан қысымының төмендеуі Өте сирек - қатты терлеу, парестезия, құрысулар, бассүйекішілік қан құйылу - торқабықтың ажырауы, көздің торқабығына қан құйылу - асқазан-ішек жолынан қан кету - қан қысымының жоғарылауы Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес) - тромбоцитопениялық пурпурамен тромбоцитопения, аплазиялық анемия, лейкопения, нейтропения - шокқа дейінгі анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар (мысалы, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі), уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы - асептикалық менингит - қан кету - іш қатуы, гиперсаливация (қатты сілекей ағуы) - бауырішілік холестаз - тері бөртпесі - бауыр трансаминазаларының белсенділігінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz Қосымша мәліметтер Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – 20.00 мг пентоксифиллин, қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.