+215 бонус

ТРЕНАКСА 500 мг №12 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодз Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - транексам қышқылы 250 мг немесе 500 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 101), повидон (PVP–K-30), микрокристалды целлюлоза (РН 302), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тазартылған тальк, магний стеараты, қабық: гипромеллоза (5cps), титанның қостотығы (Е171), тазартылған тальк, пропиленгликоль, диэтилфталат
Қолданылуы
Фибринолиз немесе фибриногенолиз жоғарылаған пациенттерде қан кету кезінде немесе қан кету қаупінде қысқа мерзімді қолдануға арналған. Жергілікті фибринолиз төмендегі жағдайларда болады: - простатэктомия, қуыққа операциялар жасалғанда - жатыр мойнының конизациясы - меноррагия - мұрыннан қан кету - жарақаттық гифема - гемофилиямен ауыратын науқастарда тіс экстракциясы - тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну
Қарсы көрсетілімдер
- транексам қышқылына немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне аса жоғары сезімталдық - тромбоэмболиялық ауру - анамнездегі веналар мен артериялар тромбозы - қолдану коагулопатиясынан кейінгі фибринолитикалық жағдай - субарахноидальді қан құйылу - миокард инфарктісі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - анамнездегі құрысулар - түрлі-түсті ажырата көрудің бұзылуы - 6 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түрі, тұншығу қаупі болу мүмкін)
Дозасы
Дозалау режимі жекелей, клиникалық жағдайларға байланысты болады. Жергілікті фибринолиз Ұсынылатын стандартты доза 15-25мг/кг дене салмағына (2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250) күніне 2-3 рет. Төменде аталған көрсетілімдер үшін мынадай дозалар пайдаланылуы мүмкін: Простатэктомия Қаупі жоғары пациенттерде қан кетудің алдын алу мен емдеуді транексам қышқылы инъекциясының көмегімен  операцияға дейін немесе одан кейін бастаған жөн; содан соң макроскопиялық гематурия жоғалғанға дейін 2 таблеткадан күніне 3-4 рет қабылдауды жалғастыру керек Меноррагия Ұсынылатын доза 2 таблетка Тренакса 500 немесе 4 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет, қабылдау ұзақтығы қажеттілігіне байланысты 4 күндік мерзімге дейін. Етеккірдің өте көп қан кетуі кезінде  дозаны ұлғайтуға болады. Жалпы доза күнделікті 4 г (8 таблетка Тренакса 500 немесе 16 таблетка Тренакса 250) аспауы тиіс. Транексам қышқылымен емдеуді етеккір басталғанға дейін бастамаған жөн. Мұрыннан қан кету Қайталап қан кету кезінде пероральді ем (2 таблетка Тренакса 500 немесе 4 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет) 7 күн бойы тағайындалады. Жатыр мойнының конизациясы 3 таблетка Тренакса 500 немесе 6 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет. Жарақаттық гифема 2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет. Доза 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделген. Гемофилия Тіс жұлғанда 2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250 әрбір сегіз сағат сайын. Доза 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделген. Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну Кейбір науқастар аурудың басталуы туралы біледі; мұндай пациенттер үшін ұсынылатын ем - 2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250  күніне 2-3 рет бірнеше күн бойы мезгіл-мезгіл қабылдау. Басқа пациенттер мұндай дозада емдеуді үнемі қабылдайды. Балалар Тәулігіне 20-25 мг/кг дене салмағына ішке. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің қолданылуы, тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі. Егде адамдар Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаса, дозаны азайтудың қажеті жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі Транексам қышқылы өзгермеген түрде несеппен шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге әдеттегіден аздау доза ұсынылады. Ішке қабылдау үшін дозаны мынадай түзету қажет: Плазма креатинині Дозасы 120-249 мкмоль/л 15 мг/кг дене салмағы тәулігіне 2 рет 250-500 мкмоль/л 15 мг/кг дене салмағы тәулігіне 1 рет Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан, шайнамай, жеткілікті мөлшерде су ішіп, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.