+618 бонус

ТРАЖЕНТА 5 мг №30 таб

12360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Линаглиптин (linagliptin)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Соединенные Штаты Америки
  • Өндіруші: Вест-Ворд Колумбус Инк.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 5 мг линаглиптин, қосымша заттар - маннитол, желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, коповидон, магний стеараты, қабығы Опадрай® қызғылт 02F34337 - гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол 6000, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172).
Қолданылуы
ТРАЖЕНТА® препараты 2-ші типті қант диабеті бар гликемиялық бақылауды жақсарту мақсатында диетаға және дене жаттығуларына қосымша ретінде ересек пациенттерге қолданылады: Монотерапия - метформиннің жақпаушылығында немесе оның бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан қолданылуына қарсы көрсетілім болғанда. Біріктірілген ем - басқа диабетке қарсы дәрілік препараттармен, оның ішінде инсулинмен біріктірілімде, гликемиялық бақылауы жеткіліксіз пациенттерге (Әртүрлі біріктірілімдер туралы қолда бар деректерді «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерінен қараңыз).
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді заттың (заттардың) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімін қараңыз)
Дозасы
Линаглиптиннің ұсынылатын 5 мг дозасы (1 таблетка) тәулігіне бір ретті құрайды. Линаглиптин метформинмен біріктірілімде тағайындалғанда, метформин дозасы демелуі тиіс, ал линаглиптинді қатарлас препарат ретінде қабылдайды. Линаглиптин сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданғанда гипогликемия даму қаупін азайту үшін сульфонилмочевина туындыларының немесе инсулиннің дозасы төмендетілуі талап етілуі мүмкін Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткілікіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі Фармакокинетика бойынша зерттеулер бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді деп көрсетті, алайда мұндай пациенттерге қатысты жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ. Егде жастағы пациенттер Жас шамасы негізінде дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Балалар Клиникалық зерттеулер 10 мен 17 жас аралығындағы балаларда қолдану тиімділігін анықтамады. Сондықтан, балалар мен жасөспірімдерді линаглиптинмен емдеу ұсынылмайды. 10 жасқа дейінге балаларда линаглипті қолдану зерттелмеген. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды тамақтануға байланыссыз тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 5 мг бір таблетка тәулігіне бір рет («Дозалау режимін» қараңыз).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.