+675 бонус

ТРАВАТАН 2,5 мл гл кап Травопрост

13500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Травопрост
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: с.а. Алкон-Куврер н.в.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат: 0,04 мг травопрост қосымша заттар: майсана майының гидрогенделген полиоксиэтилені 40 (HCO-40), пропиленгликоль, бор қышқылы, маннитол, натрий хлориді, Поликватерниум-1 ерітіндісі (Поликватерниум-1 баламалы), хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
- көзішілік қысым көтерілуінен немесе ашық бұрышты глаукомадан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерде көзішілік қысым көтерілуін төмендету - көзішілік қысым көтерілуінен немесе балалар глаукомасынан зардап шегетін 2 айлықтан бастап < 18 жасқа дейінгі балаларда көзішілік қысым көтерілуін төмендету
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерде қолдану Ұсынылатын доза Траватан препаратының бір тамшысын тәулігіне бір рет зақымданған көздің (көздердің) коньюктивалық қалтасына тамызуды құрайды. Оңтайлы әсеріне дозаны кешкілік енгізу кезінде жетеді. Енгізуден кейін мұрын-көз жасы бөлімін жауып тұру немесе қабақты абайлап жабу ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген әрекет көзге енгізілген дәрілік препараттардың жүйелі сіңірілуін кемітуі және жүйелі жағымсыз реакциялардың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жергілікті қолдануға арналған офтальмологиялық дәрілік препаратты біреуден көп қолданғанда дәрілік препараттарды кемінде 5 минут уақыт аралығымен енгізу қажет. Глаукоманы емдеуге арналған басқа офтальмологиялық дәрілік препаратты Траватан препаратымен ауыстырғанда басқа дәрілік препарат енгізуді тоқтату керек, ал Траватан препаратын енгізуді келесі күні бастау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Траватан препаратын ересектердегі сияқты дозалау режимімен 2 айлығынан <18 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдануға болады. Алайда, 2 айлықтан <3 жасқа дейінгі жас тобындағы деректер шектеулі. Траватан препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі оны жасы 2 айға дейінгі балалар қабылдағанда анықталмады. Деректер жоқ. Негізінен БТГ (бастапқы туа біткен глаукома) зардабын шегетін < 3 жастағы балалар арасында хирургиялық араласу (мысалы, трабекулотомия/гониотомия) бірінші кезектегі емдеу болып қалады. Балалар арасындағы ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір деректер жоқ. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Траватан препаратының әсері жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылуынан зардап шегіп жүрген пациенттерде және жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі (креатинин клиренсі 14 мл/мин дейін) бүйрек функциясының бұзылуынан зардап шегетін пациенттерде зерттелген. Осы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологиялық қолдану үшін. Пациент алғаш қолдану алдында кідіріссіз сыртқы қорғағыш қаптамасын алып тастау керек. Дозатор-ұштық пен ерітіндіні ластамас үшін құтының дозатор-ұштығын қабаққа, айналасындағы аумақтарға және басқа беткейлерге тигізіп алмау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.