+777 бонус

Транексам р-р в/в 50мг/мл амп 5мл №10

15550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Московский эндокринный завод ФГУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 50 мг транексам қышқылы, қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Транексам қышқылы ересектер мен бір жастан асқан балаларда гиперфибринолиздің жүйелі және жергілікті бұзылыстарындағы қан кетулердің профилактикасы және оны емдеу үшін. Қолдану көрсетілімдері мыналарды қамтиды: жергілікті немесе жайылған гиперфибринолизбен байланысты қан кетулер, мысалы, меноррагия және метроррагия, асқазан-ішектен қан кету, несеп шығару жолдарының ауруларында, простата безіне немесе несеп шығару жолдарына хирургиялық араласу кезінде қан кету; құлақ, тамақ және мұрын аймағына жедел араласу (аденотомия, тонзиллэктомия, тістің экстракциясы); гинекологиялық операциялар және акушерлік қан кетулер; кеуде қуысы мен іш қуысы аумағындағы операциялар, сондай-ақ басқа да ірі операциялық араласулар, оның ішінде кардиологиялық операциялар және тамырлардағы операциялар; фибринолитикалық ем жүргізу кезеңіндегі қан кету.
Қарсы көрсетілімдер
транексам қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. жедел веналық немесе артериялық тромбоз диссеминацияланған тамырішілік қан ұю синдромымен байланысты гиперфибринолитикалық жағдайлар, жедел қатты қан кетумен фибринолитикалық жүйенің активациясы басым жағдайларды қоспағанда ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (жинақталу қаупі) анамнездегі құрысулар интратекальді, қарыншаішілік енгізу, интрацеребральді қолдану (мидың ісіну және құрысулар қаупі) 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Әдетте келесі дозалау режимі қолданылады: 1. Жергілікті фибринолизде: транексам қышқылын 0,5 г-ден (2 ампула 5 мл- ден) 1 г-ге (4 ампула 5 мл-ден) дейін баяу вена ішіне (енгізу жылдамдығы 1 мл/мин) тәулігіне 2-3 рет енгізеді. 2. Жайылған фибринолизде: транексам қышқылын 1 г-ден (5 мл-ден 4 ампула) баяу вена ішіне (енгізу жылдамдығы 1 мл/мин) әр 6-8 сағат сайын енгізеді; дене салмағының 15 мг/кг дозасына баламалы. Балалар Қазіргі уақытта мақұлданған барлық көрсеткіштер бойынша 1 жастан асқан балаларда доза тәулігіне 20 мг/кг құрайды. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы болмағанда егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде транексам қышқылын жинақталу қаупіне байланысты қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде транексам қышқылының дозасы қан сарысуындағы креатинин концентрациясына байланысты азайтылуы мүмкін: Қан сарысуындағы креатинин концентрациясы Транексам қышқылының дозасы (в/і) Қолдану жиілігі мкмоль/л мг/дл 120-249 1,35-2,82 Дене салмағының 10 мг/кг әр 12 сағат сайын 250-500 2,82-5,65 Дене салмағының 10 мг/кг әр 24 сағат сайын > 500 > 5,65 Дене салмағының 5 мг/кг әр 24 сағат сайын Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне (в/і) баяу (тамшылатып, сорғылатып). Вена ішіне жылдам енгізуден аулақ болу керек!

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.