+210 бонус

ТРАНЕКСАМ 500 мг №10 таб

4200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Транексамовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ЗАО Обнинская химико-фармацевтическая компания
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - транексам қышқылы – 250 мг немесе 500 мг, қосымша заттар: ядро: микрокристалды целлюлоза, гипролоза (Е 463), натрий карбоксиметилкрахмалы, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты (Е 572), қабық: гипромеллоза (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 мг доза үшін). Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін). Көлденең қимасында – ақ немесе крем немесе сұрғылт реңді ақ түсті.
Қолданылуы
Келесі патологиялық жағдайларда фибринолиздің жоғарылауымен байланысты қан кетулерді қысқа мерзімдік емдеуде: простатэктомияда, қуыққа операциялық араласымда меноррагияда мұрыннан қан кеткенде жатыр мойнының конизациясында жарақаттық гифемада (көздің алдыңғы камерасына қан құйылғанда) тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуде кіші операциялық араласым жүргізілген (соның ішінде, тісті жұлдыру), гемофилиясы бар пациенттердегі қан кетулерді емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
транексам қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық жинақталу қаупіне байланысты бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі созылмалы жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин/1,73м2-ден азырақ) қазіргі таңда немесе анамнезінде бар вена немесе артерия тромбозы (аяқтардың тереңдегі веналарының тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, бассүйекішілік қантамырлар тромбозы және басқалар) антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу мүмкін болмағанда коагулопатия салдарынан фибринолиз (диссеминацияланған қантамырішілік ұю синдромының (ДҚҰ-синдром) гипокоагуляциялық сатысы) анамнездегі құрысулар түрлі түсті айыра алмаудың жүре пайда болуы субарахноидальді қан құйылу (ми ісінуінің, ми ишемиясының және инфарктінің даму қаупімен байланысты) 6 жасқа дейінгі балаларға (қатты дәрілік түр)
Дозасы
Тамақ ішуге қарамай, ішке қабылдау. Фибринолиздің жоғарылауынан болатын қан кетулерді қысқа мерзімдік емдеу: транексам қышқылының ұсынылатын стандартты дозасы дене салмағына шаққанда 15-25 мг/кг, орта есеппен тәулігіне 2-3 рет 1000-1500 мг құрайды. Простатэктомияда және қуыққа жүргізілетін операциялық араласымдарда: Операциядан 6 сағат бұрын 1000 мг, содан кейін макрогематурия жойылғанша тәулігіне 3-4 рет 1000 мг-ден. Операциялық араласымнан кейін препаратты 2 аптадан артық қолдану ұсынылмайды. Меноррагияда: ұсынылатын доза меноррагия тоқтағанға дейін тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды, бірақ 4 тәуліктен арттырмау керек. Профузды қан кетулерде препарат дозасы арттырылуы мүмкін, мұндайда жалпы тәуліктік доза 4000 мг-ден аспауы тиіс. Транексам қышқылымен емдеуді етеккірлік қан кету пайда болғанға дейін бастамаған жөн. Клиникалық зерттеулерде транексам қышқылы қатарынан үш етеккір оралымынан артыққа қолданылған жоқ. Мұрыннан қайталанатын қан кету кезінде: 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 1000 мг-ден тағайындайды. Жатыр мойны конизациясы операциясынан кейін: 12 күн бойы тәулігіне 3 рет 1500 мг-ден тағайындайды. Жарақаттық гифемада: 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 1000-1500 мг-ден (мақсаттық доза дене салмағына шаққанда 25 мг/кг). Кіші операциялық араласым жасалған (соның ішінде тіс жұлдырған) гемофилиясы бар пациенттерде қан кетулерді емдеуде: препаратты ішке дене салмағына шаққанда 25 мг/кг дозада, әрбір 8 сағат сайын тәулігіне 3 рет 1000-1500 мг-ден тағайындайды. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуде: тәулігіне 2-3 рет 1000-1500 мг. Егер пациент аурудың асқынуына күдіктенсе, продромальді симптомдар болуына байланысты, препаратты үзіліспен тағайындайды. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйректің бөліп шығару функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде транексам қышқылының дозасын және қабылдау жиілігін түзету керек: Қан сарысуындағы креатинин концентрациясы Шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) Транексам қышқылының дозасы Қабылдау саны 120-249 мкмоль/л (1,36-2,82 мг/дл) 60-89 мл/мин/1,73м2 Дене салмағына шаққанда 15 мг/кг Тәулігіне 2 рет 250-500 мкмоль/л (2,83-5,66 мг/дл) 30-59 мл/мин/1,73м2 Дене салмағына шаққанда 15 мг/кг Тәулігіне 1 рет Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Егде жас Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі жоқ болғанда дозаны түзету қажет емес. Балалар Транексам қышқылы препараттарын балаларда қолдану тиімділігіне және қауіпсіздігіне қатысты деректер шектеулі. Балаларда транексам қышқылы дене салмағына шаққанда 25 мг/кг есебінен тағайындалады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.