ТРАЙКОР 145 мг №30 таб

7240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенофибрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Ирландия
  • Өндіруші: Фурнье Лаборатории Ирланд Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 145 мг микрондалған фенофибрат, қосымша заттар: гипромеллоза, натрий докузаты, сахароза, натрий лаурилсульфаты, лактоза моногидраты, силонизделген микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты. қабықтың құрамы: Опадрай ОY-В-289202 (поливинилді спирт, титанның қостотығы Е171, тальк, соя бұршақтарының лецитині, ксантан шайыры).
Қолданылуы
Трайкор® диетада және емнің басқа да дәрі-дәрмектік емес әдістеріне қосымша (мысалы, дене белсенділігі, салмақ азаюы) төмендегі жай-күйлерде көрсетілген: - холестерин деңгейі төмен тығыздығы жоғары липопротеиндермен немесе онсыз ауыр гипертриглицеридемия емінде - статинді қолдануға болмайтын немесе оны көтере алмайтын болғанда аралас гиперлипидемияда - триглицеридтер мен тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерин деңгейін түзетудің тиімділігі жеткіліксіз болғанда жүрек-қан тамырлар ауруы қаупі жоғары пациенттерде аралас гиперлипидемияда статинге қосымша
Қарсы көрсетілімдер
- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі (биллиарлы циррозын және шығу тегі белгісіз бауыр функциясының персистенцияланған бұзылуын қоса) - ауыр созылмалы бүйрек ауруы - өт қалтасының анықталған ауруы - ауыр гипертриглицеридемия салдарынан болатын жедел панкреатитті қоспағанда, созылмалы немесе жедел панкреатит - туа біткен галактоземия, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза және галактоза сіңуі бұзылуы (препарат құрамында лактоза бар) - туа біткен фруктоземия, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі (препарат құрамында сахароза бар) - фибраттармен немесе кетопрофенмен емдеуде анықталған фотоаллергия немесе фотоуыттылықтың реакциялары - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - жүктілік және лактация кезеңі (емшекпен емізу) Бұдан басқа, жержаңғаққа, жержаңғақ майына, соя лецитиніне немесе сол тектес өнімдерге аса жоғары сезімталдық реакциялар туындау қаупіне байланысты пациенттерге Трайкор® препаратын қабылдауға болмайды.
Дозасы
Емнің тиімділігін қан сарысуындағы липидтер деңгейін анықтау жолымен бақылау керек. Егер емнің бірнеше айынан кейін (мысалы 3 ай) адекватты тиімділігіне қол жетпесе қосымша немесе басқа ем тәсілдерін тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Ересектер Ұсынылатын дозасы - Трайкор® препаратының бір таблеткасы тәулігіне бір рет. Фенофибратты 200 мг бір капсуладан (немесе 160 мг бір таблеткасын) қабылдайтын пациенттер дозаны қосымша түзетусіз 145 мг Трайкор® препаратын тәулігіне 1 рет бір таблеткадан қабылдауға өте алады. Егде жастағы пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі жоқ егде жастағы пациенттерге ересектерге арналған әдеттегі доза ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде доза төмендету талап етіледі. Ауырлығы жеңіл/орташа дәрежедегі бүйректің созылмалы ауруында (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) және препарат төмен дозада болғанда емді препараттың стандартты 100 мг бір капсуласын немесе 67 мг микрондалған препаратты тәулігіне бір рет қабылдаудан бастау керек. Препараттың төмен дозасы болмаған жағдайда Трайкор® препаратын қабылдау ұсынылмайды. Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) фенофибрат қабылдау қарсы көрсетілген. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерге деректер болмауына байланысты Трайкор® препаратын қабылдау ұсынылмайды. Балалар Балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Трайкор® препаратты қабылдаудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Сондықтан балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге Трайкор® 145 мг қабылдау ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Трайкор® препаратын күннің кез келген уақытында ас ішуге байланыссыз қабылдайды. Таблетканы тұтас, шайнамай, стақан сумен іше отырып жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.