+311 бонус

Трафил 5 мг №10 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
6220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ХЕТЕРО ЛАБС ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 5 мг тадалафил қосымша заттар: лактоза моногидраты, коповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, полиоксил 40 гидрогенделген, майсана майы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. қабық құрамы: Опадрай ІІ ақ - гипромеллоза (Е464) (40%), лактоза моногидраты (28%), титанның қостотығы (Е171), триацетин (8%), тальк (Е553b) (5%)
Қолданылуы
Ересек ерлерде эректильді дисфункцияны емдеу. Эректильді дисфункцияны емдеуде тадалафил әсерінің көрініс беруі үшін сексуалдық стимуляция қажет. Ересек ерлерде простатата қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдарын емдеу. ТРАФИЛ препараты әйел жынысты тұлғаларға қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Тадалафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Бұл нитраттар мен тадалафилдің азот тотығына бірігіп әсер ету нәтижесі болып табылады. Осылайша, органикалық нитраттардың қандай да бір нысанын қабылдап жүрген пациенттерге тадалафил тағайындау қарсы көрсетілімді. Тадалафилді сексуалдық белсенділікке кеңес берілмеген жүрек-қантамыр аурулары бар ерлерге қолдануға болмайды. Дәрігерлер жүрек-қантамыр ауруы бұрыннан бар пациенттерде сексуалдық белсенділіктен жүрекке зор қауіп төнетінін ескеруі тиіс: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісін алған пациенттерге тұрақсыз стенокардия немесе жыныстық қатынас кезінде туындайтын стенокардия бар пациенттерге соңғы 6 ай ішінде Нью-Йорк Heart Association жіктеуі бойынша 2 немесе одан жоғары класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге бақыланбайтын аритмия, гипотония (< 90/50 мм сын. бағ.) немесе бақыланбайтын гипертензия бар пациенттерге соңғы 6 ай ішінде инсульт алған пациенттерге. Тадалафил, бұл осының алдындағы ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты ма, жоқ па - оған қарамастан, артериитпен байланыссыз алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (AИОН) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге қарсы көрсетілімді. Тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді, өйткені бұл симптоматикалық гипотензияның ықтималды дамуына әкелуі мүмкін.
Дозасы
Дозалау Ересек ерлердегі эректильді дисфункция Әдетте ұсынылған доза ас ішуге байланыссыз болжанатын сексуалдық белсенділік алдында 10 мг құрайды. 10 мг қабылдау кезінде әсері болмаса, 20 мг дозаға ауысуға рұқсат етіледі. Препаратты болжанатын сексуалдық белсенділіктен, кем дегенде, 30 минут бұрын қабылдау керек. Препаратты ұсынылған дозада ең жоғары қабылдау жиілігі - тәулігіне бір рет. Тадалафил 10 және 20 мг дозада болжанатын сексуалдық белсенділік алдында қолдануға арналған және күнделікті қолдануға ұсынылмайды. ТРАФИЛ препаратын жиі (яғни, аптасына екі реттен сирек емес) қабылдау көзделген пациенттер үшін пациент таңдауына және емдеуші дәрігер пікіріне сәйкес ең аз дозада тәулігіне бір рет жиілікте қабылдаудың қолайлы сызбасын құрастыруға болады. Осындай пациенттерге тәулігіне бір рет шамамен белгілі бір уақытта 5 мг доза ұсынылады. Жеке жақпаушылығына қарай, дозаны тәулігіне 1 рет 2.5 мг дейін төмендетуге болады. Препаратты ұзақ уақыт күнделікті қабылдаудың мақсатқа сай болуын жүйелі бағалау қажет. Ересек ерлердегі қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы Ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды. Препаратты ас ішуге байланыссыз күн сайын шамамен белгілі бір уақытта қабылдау керек. Емдеу ұзақтығын дәрігер әркімге жеке белгілейді. Эректильді дисфункциямен қатар жүретін қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар ересек ерлерде ұсынылатын доза күн сайын шамамен белгілі бір уақытта тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттерге 5 мг дозадағы тадалафил жақпаған жағдайда баламалы ем қарастырылу керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар ерлер Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге ұсынылған ең жоғары доза 10 мг құрайды. Эректильді дисфункция немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін тәулігіне бір рет 2.5 мг және 5 мг тадалафил режимі бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар ерлер Эректильді дисфункцияны емдеуге ұсынылған ТРАФИЛ дозасы, қажеттілігіне қарай, ас ішуге байланыссыз болжанатын сексуалдық белсенділік алдында 10 мг құрайды. Бауыр функциясының күрделі бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерге тадалафилді қолдану қауіпсіздігі жөнінде шектеулі клиникалық деректер бар. Аталған препарат тағайындалған жағдайда, емдеуші дәрігер пайда және қауіп арақатынасының әркімдегі жеке мұқият бағалауына сүйенуі тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда тадалафилді 10 мг мөлшерінен артық дозаларда қабылдау деректері жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде эректильді дисфункцияны немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін ТРАФИЛ препаратын тәулігіне бір рет қабылдау режимі зерттелмеген, сондықтан осы препарат тағайындалған жағдайда емдеуші дәрігер пайда және қауіп арақатынасының әркімдегі жеке мұқият бағалауына сүйенуі тиіс. Қант диабеті бар ерлер Қант диабеті бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Балалар ТРАФИЛ препараты балаларда қолданылмайды. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. ТРАФИЛ препараты пероральді қолдануға арналған 5, 10 және 20 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде шығарылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.