+179 бонус

ТОТЕМА 10 мл №20 р-р д/приема внутрь Железо 3

3590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты железа в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Иннотера Шузи
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді заттар: темір (темір глюконаты гидраты түрінде) 50,00 мг марганец (марганец глюконаты түрінде) 1,33 мг мыс (мыс глюконаты түрінде) 0,70 мг қосымша заттар: глицерол, сұйық глюкоза, сахароза, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий бензоаты, полисорбат 80, карамель бояғышы (Е150с) (глюкоза, аммоний гидроксиді), Тутти-фрутти хош иістендіргіші (изоамилацетат, изоамилбутират, бензальдегид, этилметилфенилглицидат, гамма-ундекалактон, этилванилин, этанол), тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектердегі темір тапшылығы анемиясын терапиялық емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - ішекте сіңірілуінің жоғарылауына немесе темір метаболизмінің өзгеруіне (мысалы, гемохроматоз, талассемия, рефрактерлік анемия, аплазиялық анемия, сидеробластық анемия) немесе шамадан тыс парентеральді енгізуге (мысалы, қанды қайталап немесе ұзақ уақыт бойы құю) байланысты темірдің шамадан тыс болуы - темір тапшылығымен байланыссыз анемия (мысалы, гемолиздік анемия, мегалобластық анемия және созылмалы аурулар анемиясы) - Вильсон ауруы - маскүнемдіктен, эпилепсиядан зардап шегіп жүрген адамдарға - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - жүктілік - бала емізетін әйелдерге - бауыр аурулары бар пациенттерге
Дозасы
Дозалану режимі Темір тапшылығы анемиясын терапиялық емдеу: Ересектерге: 100-150 мг темір, яғни тәулігіне 2-3 ампуладан. Бүйрек функциясы бұзылған және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Пероральді пайдалану. Қолданар алдында шайқау керек. Ампуланы екі ұшынан сындырыңыз, ампуланың ішіндегісін стақанға құйыңыз, жеткілікті мөлшердегі қарапайым немесе тәттілендірілген суда немесе кез-келген басқа алкогольсіз сусында ерітіңіз. Препаратты шай, кофе, сүтте ерітуге болмайды. Ампуланың ішіндегісі оны ашқаннан кейін 24 сағат ішінде қолданылуы тиіс. Бір ампуланың ішінде 10 мл Тотема препараты бар, бұл 50 мг элементарлы темірге сәйкес келеді. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты дұрысы тамаққа дейін қабылдау керек, бірақ қабылдау уақытын және кейде дозасын ас қорыту жағымдылығына қарай бейімдеуге болады. Емдеу ұзақтығы Емдеу анемияны емдеп шығару және темір деңгейін қалпына келтіру үшін жеткілікті болатындай ұзақ болуы тиіс, ол ересектерде әйелдер үшін 600 мг және ерлер үшін 1200 мг құрайды. Темір тапшылығынан болатын анемия: қорларының таусылуына байланысты 3-6 ай, алайда, егер анемияның туындау себебі жойылмаса мерзімін ұзартуға болады. Гемоглобин деңгейі қалыпқа келгеннен кейін емдеуді тағы 3 ай бой жалғастырған дұрыс. Тиімділігіне мониторингті емдеу басталғаннан кейін кемінде 4 апта өткен соң жүргізу керек. Мониторинг анемияның жойылу дәрежесін (гемоглобин, орташа корпускулярлық көлем) және темір қорының қалпына келу деңгейін, сондай-ақ сарысулық темірмен және трансферринмен қанығу көрсеткіштерін анықтауды қамтиды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.