+130 бонус

ТОНЗИЛОТРЕН №60 таб Гомеопатия

9:00-ден кейін қолжетімді
2610 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лекарственные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ - Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: Atropinum sulfuricum trit. D5 12.50 мг, Hepar sulfuris trit. D3 10.00 мг, Kalium bichromicum trit. D4 50.00 мг, Mercurius bijodatus trit. D8 25.00 мг, Silicea trit. D2 5.00 мг, қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, магний стеараты.
Қолданылуы
Жедел тонзиллит, созылмалы немесе қайталанатын жедел тонзиллит және ұлғайған бадамша бездері. Бадамша бездерді хирургиялық алып тастағаннан кейінгі сауығуды жылдамдатуға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
Препаратты хромға, сынапқа, кез-келген басқа белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдықта қолдануға болмайды. 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дозасы
Басқа нұсқаулар болмағанда Тонзилотренді төмендегідей қолданады: Ересектер: жедел жағдайларда сағат сайын 1 таблеткадан, жақсарғанға дейін күніне ең көбі 12 таблеткадан қабылдайды. Кейінгі емдеу кезінде немесе созылмалы жағдайларда күніне 3 рет 1-2 таблеткадан қабылдайды. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: жедел жағдайларда екі сағат сайын 1 таблеткадан, жақсарғанға дейін күніне ең көбі 6 таблеткадан қабылдайды. Кейінгі емдеу кезінде немесе созылмалы жағдайларда күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды. 12 жастан асқан балалар және ересектер: жедел симптомдар кезінде сағат сайын 1 таблеткадан, жақсарғанға дейін күніне ең көбі 12 таблеткадан қабылдайды. Кейінгі емдеу кезінде немесе созылмалы жағдайларда күніне 3 рет 1-2 таблеткадан қабылдайды. Симптомдар жақсарған кезде препаратты қабылдау жиілігін азайту керек. Ересектер мен балалар бадамша бездері ұлғайған кезде күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Таблеткаларды тамақтанғанға дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан соң  қабылдау керек. Таблеткаларды ауызда баяу еріту керек. Кішкентай балалар үшін таблеткаларды ұсақтап, содан кейін аз мөлшерде суда ерітуге болады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Созылмалы және қайталанатын жедел жағдайлар үшін жылына әрқайсысы 6-8 аптаға созылатын бірнеше емдеу циклін қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеуді 6-8 апта бойы жалғастыру ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.