ТОНЗИЛГОН Н №50 табл Комплекс

2890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты для лечения заболеваний горла
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Бионорика СЕ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: ұнтақ түрінде: жалбызтікен тамыры 8 мг түймедақ гүлдері 6 мг қырықбуын шөбі 10 мг грек жаңғағының жапырақтары 12 мг мыңжапырақ шөбі 4 мг емен қабығы 4 мг дәрілік бақ-бақ шөбі 4 мг қосымша заттар: таблеткалар ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, картоп крахмалы, стеарин қышқылы, глюкоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; таблеткалар қабығы: кальций карбонаты, майсана майы, глюкоза шәрбаты, сахароза, жүгері крахмалы, декстрин, монтан гликоль балауызы, повидон К 25, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, шеллак, тальк.
Қолданылуы
- суық тиюдің алғашқы белгілерінде және соның барысында қолдану үшін, мысалы, тамақтың жыбырлауы, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы - жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларының (тонзиллит, фарингит, ларингит) профилактикасы және емдеу - респираторлық вирустық инфекциялар кезіндегі асқынулардың профилактикасы және бактериялық инфекциялар кезіндегі антибиотиктермен емге қосымша ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе дәрілік препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; - күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктерге, мысалы, жусан, мыңжапырақ, хризантема, дәстүргүл, түймедақ гүлдеріне айқаспалы реакция деп аталатын белгілі аллергия; - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер; - 6 жасқа дейінгі балалар;
Дозасы
Жедел ауруларда 6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайды Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 5-6 рет 2 таблеткадан қабылдайды. Жедел симптомдар жойылғаннан кейін 6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайдыЕресектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 3 рет 2 таблеткадан қабылдайды. Жедел симптомдар жойылғаннан кейін емдеуді кемінде бір апта жалғастыру керек. Таблеткаларды шайнамай және аздаған су мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұтады. Бүйрек және / немесе бауыр дисфункциясы кезінде ерекше дозалауды ұсыну үшін деректер жеткіліксіз. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолдануға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тонзилгон® Н таблеткаларын аурудың өткір кезеңінде тәулігіне 5-6 рет және жедел симптомдар жоғалғаннан кейін күніне 3 рет қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Препаратты дәрігермен кеңесусіз қатарынан 2 аптадан артық қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.