ТОНЗИЛГОН Н 100 мл капли Комплекс

3310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Бионорика СЕ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл (0,98 г сәйкес) препараттың құрамында: Дәрілік жалбызтікен тамырынан, түймедақ гүлдерінен, қарапайым қырықбуын шөбінен, грек жаңғағының жапырақтарынан, қарапайым мыңжапырақ шөбінен, емен қабығынан, дәрілік бақ-бақ шөбінен дәрілік өсімдік сұйық шикізаттың (1:38) 978 мг қоспа экстрактісі (4:3:5:4:4:2:4)
Қолданылуы
- суық тиюдің алғашқы белгілерінде және соның барысында қолдану үшін, мысалы, тамақтың жыбырлауы, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы - жоғарғы тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларының (тонзиллит, фарингит, ларингит) профилактикасы және емдеу - респираторлық вирустық инфекциялар кезіндегі асқынулардың профилактикасы және бактериялық инфекциялар кезіндегі антибиотиктермен емге қосымша ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктерге, мысалы, жусан, мыңжапырақ, хризантема, дәстүргүл, түймедақ гүлдеріне айқаспалы реакция деп аталатын белгілі аллергия - 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Аурудың өткір кезеңінде Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 5-6 рет 25 тамшыдан ішеді. 6 – 11 жастағы балалар күніне 5-6 рет 15 тамшыдан ішеді. 2–5 жастағы балалар күніне 5-6 рет 10 тамшыдан ішеді. Жедел симптомдардың жойылуынан кейін емдеуді кемінде бір апта бойы жалғастырған жөн. Жедел симптомдардың жойылуынан кейін: Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 3 рет 25 тамшыдан ішеді. 6 – 11 жастағы балалар күніне 3 рет 15 тамшыдан ішеді. 2–5 жастағы балалар күніне 3 рет 10 тамшыдан ішеді. Бүйрек және / немесе бауыр дисфункциясы кезінде ерекше дозалауды ұсыну үшін деректер жеткіліксіз. Тамшылар сұйылтылмаған күйде қабылданады, жұтып қоймас бұрын оларды аузында біраз уақыт ұстайды. Дозалау кезінде құтыны тік қалыпта ұстаңыз. Қолданар алдында шайқау керек! Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қолдануға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тонзилгон® Н тамшыларын аурудың өткір кезеңінде тәулігіне 5-6 рет және жедел симптомдар жоғалғаннан кейін күніне 3 рет қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Препаратты дәрігермен кеңесусіз қатарынан 2 аптадан артық қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.