+292 бонус

ТОМИКЛАР 500 мг №14 таб

5840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Республика Македония
  • Өндіруші: Реплек Фарм ООО Скопье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- 500 мг кларитромицин, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремний үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай ақ 03F28342, гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол (ПЭГ 6000), ванилин.
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда кларитромицинге сезімтал қоздырғыштар туғызған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары (тонзиллит, фарингит, синусит және т. б. сияқты) - тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары (бронхит, кең таралған және атипті респираторлық аурулар) - тері инфекциялары (импетиго, тілме түрінде қабынуы, фолликулит, фурункулез және инфекция жұқтырған жаралар) - эрадикация H. Pylori, он екі елі ішектің ойық жарасының қайталану жиілігін азайту мақсатында (біріктірілген емнің құрамында, төмендегі қосымша ақпаратты қараңыз). - Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туғызған ошақтық немесе кең таралған микобактериялық инфекциялар; - Mycobacterium chelonae, fortuitum немесе kansasii туғызған ошақтық инфекциялар.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа және макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бір мезгілде қолдану, қастауыштың уытты әсері болуы мүмкін - ішке қабылдауға арналған мидазоламмен бір мезгілде қабылдау - астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадинмен бір мезгілде қолдану (бұл жүрек аритмиясының дамуына, ЭГК-дегі бұзылуларға, соның ішінде жүрек соғу жиілігінің ауыр ұстамаларына әкелуі мүмкін) - бұрын жүрек ырғағының төмендеуі немесе жүрек ырғағының басқа да ауыр бұзылуы бар пациенттер (туа біткен немесе жүре пайда болған) - бауыр немесе бүйрек аурулары бар пациенттерде колхицинмен және Р-гликопротеинмен бір мезгілде қолдану - бүйрек ауруымен біріктірілген бауырдың ауыр ауруы - статиндермен, соның ішінде ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану - QT аралығының ұзару қаупіне байланысты қанның тұз құрамының бұзылуы (калий немесе магний деңгейінің төмендеуі) болған жағдайда кларитромицинді тағайындауға болмайды - ломитапидпен бір мезгілде қолдану - тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қолдану - 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге ұсынылатын доза күніне екі рет 250 мг құрайды, дегенмен ауыр инфекциялар кезінде ол күніне екі рет 500 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Емі 6-4 күн жүргізілетін өкпенің және мұрынның қосалқы қойнауларының жүре пайда болған қабынуын емдеуді қоспағанда әдеттегі емдеу ұзақтығы 5-тен 14 күнге дейінді құрайды. Микобактериялық инфекциясы бар ересек пациенттерде ұсынылатын доза күніне екі рет 500 мг құрайды. Препарат ЖИТС-пен ауыратын пациенттерде кең таралған Mycobacterium Avium Complex инфекцияларын емдеу кезінде ұсынылады. Емдеуді пациенттің жағдайына клиникалық бағалау жүргізе отырып клиникалық немесе микробиологиялық нәтиже алғанға дейін жалғастыру керек. Томиклар препаратын басқа микобактерияға қарсы дәрілік препараттармен бірге қолдану керек. Стоматологиялық инфекциялар мен қызылиек ауруларын емдеу кезінде ұсынылатын доза әр 12 сағат сайын 250 мг құрайды, емдеу ұзақтығы 5 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.