+89 бонус

Токката 150мг №30 таб

1795 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Толперизон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО Фармак
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - толперизон гидрохлориді 150 мг, қосымша заттар: ядро: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, тальк, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, лимон қышқылы моногидраты; қабық: Оpadry 03F180011 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол).
Қолданылуы
Инсульттан кейін ересектерде бұлшықеттің түйілуін симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе химиялық құрамы бойынша оған ұқсас эперизонға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық миастения гравис жүктілік бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер: жеке қажеттілігіне және жағымдылығына байланысты ‒ 3 қабылдауға арналған тәулігіне 150-450 мг. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тамақтан кейін, 1 стақан суды іше отырып, қабылдау керек. Жеткіліксіз мөлшерде тамақтану толперизонның биожетімділігін төмендетуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциялары бұзылулары бар пациенттер Препаратты бүйрек зақымданған пациенттерге қолдану тәжірибесі шектеулі, мұндай науқастарда жағымсыз әсерлердің анағұрлым жоғары жиілігі байқалған. Осыған байланысты бүйректің қалыпты зақымдануы кезінде пациенттің жай-күйін мұқият қадағалай отырып және бүйрек функциясын бақылай отырып, дозаны жеке титрлеу ұсынылады. Бүйректің ауыр зақымдануы кезінде толперизонды тағайындау ұсынылмайды. Бауыр функциялары бұзылулары бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі, мұндай науқастарда жағымсыз құбылыстардың жоғары жиілігі байқалды. Осыған байланысты бауырдың қалыпты зақымдануы кезінде пациенттің жағдайын мұқият қадағалай отырып және бауыр функциясын бақылай отырып дозаны жеке титрлеу ұсынылады. Бауырдың ауыр зақымдануы кезінде толперизонды тағайындау ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.