+75 бонус

ТОБРЕКС 0,3% 5 мл гл кап Тобрамицин

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тобрамицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: с.а.Алкон-Куврер н.в.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – 3,0 мг тобрамицин, қосымша заттар: бор қышқылы, сусыз натрий сульфаты, натрий хлориді, тилоксапол, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді және/немесе күкірт қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
ТОБРЕКС* препараты, негізінен басқа антибиотиктерге әсіресе, Pseudomonas aeruginosa төзімділігі бар пациенттерде, ересектерде және 8 жастан бастап және одан үлкен балаларда тобрамицинге сезімтал патогенді микроорганизмдерден туындаған көз және оның айналасындағы тіндердің сыртқы инфекцияларын емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- тобрамицинге, кез келген басқа аминогликозидтерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық. - 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Пайдаланар алдында қақпағын ашып, егер тарттырылып тұрмаса, ашылуы бақыланатын сақинасын алып тастау керек. Баяу ағымдағы аурулар кезінде зақымданған көздің (көздердің) конъюнктива қалтасына әр 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызу керек. Жедел инфекциялық ауруларда зақымданған көздің (көздердің) конъюнктива қалтасына симптомдары жақсарғанша сағат сайын 2 тамшыдан, содан соң дозасын қабылдау толық тоқтатылғанша біртіндеп азайтады. Енгізу әдісі және жолы Офтальмологияда қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы инфекцияның түріне байланысты және екі күннен бірнеше аптаға дейін ауытқып тұруы мүмкін. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы жолын қысу немесе көзді абайлап жұму ұсынылады. Бұл дәрілік препараттың жүйелі сіңірілуін төмендетеді және ұнамсыз жүйелі реакциялардың дамуы профилактикасының рөлін атқарады. Құтының ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін, тамшуырдың ұшын көзге, немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Клиникалық зерттеулерден, тобрамициннің балаларды емдеу үшін тиімді және қауіпсіз екендігі анықталды. Педиатрия ТОБРЕКС* препараты 8 жастан бастап және одан асқан балаларда ересектердікі сияқты дозада емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.