+212 бонус

ТИЗОПТАН 3 мл гл капли

4240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 0,3 мг биматопрост, 6,83 мг тимолол малеаты (5,0 мг тимололға баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлориді, лимон қышқылы моногидраты, динатрий гидрофосфаты гептагидраты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомасы және көзішілік гипертензиясы бар науқастарда бета-адреноблокаторлар тобының препараттары мен простагландин аналогтарын қолданудың тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, көзішілік қысымды (КІҚ) төмендету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өршу сатысындағы бронх демікпесін және анамнезде болған көріністерін, өкпенің созылмалы ауыр обструкциялық ауруын (ӨСОА) қоса, тыныс жолдарының жоғары реактивтілігі синдромы - синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада, жүректің имплантацияланған жасанды ырғақ жетекшісінсіз II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, жүректің клиникалық тұрғыдан айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектерде ұсынылатын дозалары (егде жастағы пациенттерді қоса) Бір тамшысы зақымданған көздің конъюнктива қалтасына тәулігіне 1 рет, таңертең немесе кешке тамызылады. Препаратты күн сайын белгілі бір уақытта қолдану ұсынылады. Сәйкесінше әдебиеттердегі деректерден, таңертеңгіге қарағанда, кешкілік қолдану КІҚ төмендету үшін тиімдірек болуы мүмкіндігі шамаланады. Дегенмен, препараттың таңертең немесе кешке қабылдануы ықтималдығын ескеру керек. Егер препаратты енгізу бір рет өткізіліп алса, препарат келесі күні енгізіледі. Дозасын тәулігіне 1 реттен асыру ұсынылмайды. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Тизоптан препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, соған байланысты препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды. Бауыр/ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Тизоптан бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген. Сондықтан препаратты ондай пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Тамызғаннан кейін мұрын көз жасы окклюзиясы немесе қабақты 2 минуттай жұма тұру ұсынылады. Бұл жүйелі жағымсыз әсерлерінің азаюына және жергілікті белсенділігінің артуына ықпал етеді. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препаратты пайдаланғанда, тамызулар арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.