+80 бонус

ТИЗИН 0,1% 10 мл спрей наз

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ксилометазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Фамар Орлеан Франсе
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл құрамында белсенді зат – ксилометазолин гидрохлориді 0,50 мг (0,05%) немесе 1,00 мг (0,1%) қосымша заттар: бензалконий хлориді, сұйық сорбитол 70 %, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, динатрий эдетаты, тазартылған су.
Қолданылуы
- этиологиясы әртүрлі тұмаурату - мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секреттің бөлініп шығуын жеңілдету үшін) - ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайту үшін) - науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға (риноскопия) дайындау.
Қарсы көрсетілімдер
ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық атрофиялық ринит құрғақ ринит (rhinitis sicca) жабықбұрышты глаукома транссфеноидальді гипофизэктомиядан және ми қабығындағы басқа хирургиялық араласулардан кейінгі жай-күй (анамнезінде) 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға арналған 0,1% спрей: Әр мұрын жолына 1 рет бүрку керек. Қажет болғанда емшара қайталанады, бірақ тәулігіне 3 реттен асырмайды. Соңғы рет қолданылуы дәл ұйықтар алдында жасалғаны дұрыс. Ересектер және 12 жастан асқан балаларға арналған 0,05% спрей: Әр мұрын жолына 2 рет бүрку керек. Қажет болғанда емшара қайталанады, бірақ тәулігіне 3 реттен асырмайды. Соңғы рет қолданылуы дәл ұйықтар алдында жасалғаны дұрыс. Доза пациенттің жеке сезімталдығына және клиникалық әсеріне байланысты. Препаратты қатарынан 7 күннен асырмай қолдану керек, өйткені ұзақ қолданудан дәрі-дәрмектік ринит пайда болуы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Мұрын ішіне. Енгізу бойынша жалпы ұсынымдар Қорғағыш қалпақшасын шешіп алу керек. Алғаш қолданар алдында біркелкі «буалдыр» бұлт сияқты көрініс пайда болғанға дейін бүріккіш қондырманы бірнеше рет басады (1 сурет). Құты әрі қарай пайдалануға дайын. Бір рет басып қолдану керек (2 сурет). Препаратты мұрын арқылы деммен тартады. Мүмкіндігінше бүріккіш-құтыны тік қалыпта ұстау керек. Көлденең немесе төмен қаратып бүркуге болмайды. Қолданудан кейін құтыны қалпақшамен жабу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет қолданылады. Күніне 3 реттен артық қолданбаған жөн. Емдеу ұзақтығы Препаратты қатарынан 7 күннен асырып қолдануға болмайды. Емі аяқталғаннан кейін препаратты тек бірнеше күннен кейін ғана қайталап тағайындауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.