+180 бонус

ТИЗАНИЛ 2 мг №30 таб

3600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тизанидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Симпекс Фарма Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 2,288 мг және 4,576 мг тизанидин гидрохлориді (2 мг және 4 мг тизанидинге баламалы) қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза (PH102), стеарин қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон.
Қолданылуы
- ауыратын бұлшықет спазмы; - жайылған склероз салдарынан болатын спазм; - жұлынның зақымдануы салдарынан болатын спазм; - бассүйек-ми зақымдануы салдарынан болатын спазм.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - тизанидин бауырда белсенді метаболизденетіндіктен, бауыр функциясының айтарлықтай бұзылуы бар пациенттерде қолдану. - Тизанидинді күшті CYP1A2 тежегіштерімен (флувоксамин немесе ципрофлоксацин сияқты) бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Тизанидиннің спазмға әсері қабылдағаннан кейін 2-3 сағат ішінде ең жоғары болады және салыстырмалы түрде қысқа уақытқа созылады. Тизанидиннің терапиялық индексі тар және әртүрлі пациенттердің плазмасындағы тизанидин концентрациясының жоғары өзгергіштігі бар. Сондықтан қабылдау уақыты мен жиілігі жеке таңдалуы керек, ал тизанидинді пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес күніне 3-4 ретке дейін бөлінген дозада тағайындау керек. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде тиімділігі 8 мг және одан жоғары дозаларда байқалды, бірақ жауап айтарлықтай өзгереді, сондықтан мұқият титрлеу қажет. Жағымсыз құбылыстар дозаға байланысты болғандықтан, емдеуді 2 мг бір реттік дозадан бастау керек, оны кем дегенде жарты апта аралықпен 2 мг қадаммен арттыру керек. Қажетті емдік әсерді тудыратын дозадан асып кетпеу үшін сақ болу керек. Тизанидиннің бір реттік дозалары 12 мг-нан аспауы керек, ал жалпы тәуліктік дозасы 36 мг-нан аспауы керек, дегенмен әдетте тәулігіне 24 мг-нан асу қажеттілігі болмайды. Терапиялық дозаларды қабылдау кезінде екінші фармакологиялық әсерлер пайда болуы мүмкін, бірақ пациенттердің басым көпшілігі үшін олар шектеуші фактор болып табылмауы үшін оларды баяу титрлеу арқылы азайтуға болады. Пациенттердің ерекше тобы: Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тизанидинді қолдану тәжірибесі шектеулі және емдеудің пайдасы қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, тизанидинді қолдану ұсынылмайды. Фармакокинетикалық деректер егде жастағы пациенттердің бүйрек клиренсі үш есе төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді. Балалар жастағы пациенттер 18 жасқа дейінгі пациенттерде тизанидинді қолдану тәжірибесі шектеулі. Тизанидинді балаларға қолдану ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 25 мл/мин) тиімді дозаға жету үшін емдеуді тәулігіне бір рет 2 мг дозадан баяу титрлеумен бастау керек. Дозаны арттыру көтерімділік пен тиімділікке байланысты 2 мг-нан аспайтын қадаммен жүруі керек. Қабылдау жиілігін арттырмас бұрын, тәулігіне бір рет қабылдау үшін дозаны баяу арттыру ұсынылады. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Тизанидин бауыр функциясының айтарлықтай бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Потенциалды пайдасы пациент үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, тизанидинді бауыр функциясының орташа бұзылуы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Кез келген емдеуді ең төменгі дозадан бастау керек, содан кейін пациенттің көтере алуына байланысты дозаны мұқият арттыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.