+115 бонус

ТИРОЗОЛ 5 мг №50 таб. п/о

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиамазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Мерк КГаА
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар, белсенді зат: 5 мг тиамазол бар, қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы, натрий крахмал гликоляты (С типі), магний стеараты, гипромеллоза 2910/15, тальк, целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты үлбірлі қабық құрамы: темірдің сары тотығы (Е 172), диметикон 100, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910/15 Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар, белсенді зат: 10 мг тиамазол бар, қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (С типі), магний стеараты, гипромеллоза 2910/15, тальк, целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты үлбірлі қабық құрамы: темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), диметикон 100, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910/15.
Қолданылуы
Төмендегілерді қоса гипертиреозды емдеуде: әсіресе шағын немесе зоб болмағанда гипертиреозды консервативті емдеуде; гипертиреоздың барлық түрлерінде хирургиялық операцияға дайындауда; жекелей алғанда гипертиреоздың ауыр түрлері бар пациенттерде радиоактивті йодпен жоспарлы емдеуге дайындауда; радиоактивті йодпен емдегеннен кейінгі кезеңдік емдеуде йодпен емдеу (мысалы, құрамында йод бар рентгенконтрастылы орталарды пайдалану арқылы тексергенде) міндетті болып саналатын, жасырын (латенттік) гипертиреозы, автономды аденомасы немесе анамнезінде гипертиреозы бар пациенттерді профилактикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
тиамазолға, тионамидтің басқа туындыларына немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық қанағымы жүйесі тарапынан орташадан ауыр дәрежеге дейін бұзылуы (агранулоцитоз, гранулоцитопения) емді бастар алдындағы холестаз тиамазолмен немесе карбимазолмен емдегеннен кейін сүйек кемігінің бұрын байқалған зақымданулары тиамазолды немесе карбимазолды қолданғаннан кейін анамнезде жедел панкреатит; жүктілік және лактация кезеңінде тиамазолмен және қалқанша без гормондарымен біріктіріп емдеу
Дозасы
Ересектерде дозалануы Аурудың ауырлығына және йодты қолдануына байланысты емдеу әдетте Тирозол® препаратының 10-нан 40 мг-ге дейінгі тәуліктік дозасынан басталады. Көп жағдайларда қалқанша без гормондарының өндірілуін басу әдетте Тирозол® препаратының тәулігіне 20-30 мг бастапқы дозаларын қолданғанда жетуі мүмкін. Ауырлығы төмен жағдайларда толық бөгегіш дозаны қолдану қажет болмауы да мүмкін және төмендеу бастапқы дозаны қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Гипертиреоз дамуының ауыр жағдайларында Тирозол® препаратының 40 мг бастапқы дозасы қажет етілуі мүмкін. Доза пациенттің зат алмасу жағдайына, осылайша, қалқанша без гормондары статусының дамуымен қалай көрсетілетініне байланысты әр адамға жекелей түзетіледі. Демеуші ем жүргізу үшін емдеудің келесі бір нұсқалары ұсынылады: Гипотиреозды болдырмас үшін тәуліктік демеуші доза левотироксинмен біріктірілімде 5 - 20 мг Тирозол® препаратын құрайды. Тәуліктік дозадағы монотерапия - 2,5 - 10 мг Тирозол® препараты. Йодтан туындаған гипертиреозда жоғарылау дозалар қажет болуы мүмкін. Балаларда дозалануы Балалар мен жасөспірімдерде қолданылуы (3-тен 17 жасқа дейін) Балалар мен жасөспірімдерді емдеудің бастапқы дозасы (3-тен 17 жасқа дейін) пациенттердің дене салмағын есепке ала отырып есептелуі тиіс. Әдетте, емді екі немесе үш бірдей бөлікке бөлінген 0,5 мг/кг дозадан бастайды. Демеуші ем үшін тәуліктік доза азайтылуы және пациенттің емге реакциясына байланысты күніне бір рет берілуі мүмкін. Левотироксинмен қосымша емдеу гипотиреоздың алдын алу үшін қажет болуы мүмкін. Тирозол препаратының жалпы тәуліктік дозасы тәулігіне 40 мг-ден аспауы тиіс. Балаларда қолданылуы (2 жас және оған дейін) Тиамазолдың қауіпсіздігі мен тиімділігі 2 жастағы және оған дейінгі жастағы балаларда бағаланбаған, сондықтан 2 жастағы және оған дейінгі жастағы балалардағы тиамазолды қолдану ұсынылмайды. Гипертиреозды консервативтік емдеу Емнің мақсаты зат алмасудың эутиреоидті жай-күйіне жетуге және ұзақтығы бойынша шектелген емнен кейін ұзақ мерзімдік ремиссияға негізделген. Ем қабылдаған пациенттерді жекелей алғанда ремиссияға бір жыл өткенде ең көбі 50% пациентте қол жеткізілуі мүмкін. Ремиссия жиілігі елеулі шектерде құбылып отырды. Өз әсерін тигізген ықтималды факторлар гипертиреоз типі (иммуногенді немесе иммуногенді емес), емдеу ұзақтығы, тиамазол дозасы, сондай-ақ, йодтың аспен түсуі немесе оның ятрогенді түсуі болып табылады. Гипертиреозды консервативтік емдегенде ем әдетте 6 айдан 2 жылға дейінгі уақытқа созылады (орта есеппен – 1 жыл). Статистикалық тұрғыдан алғанда ремиссия ықтималдығы емдеу ұзақтығы артуымен бірге жоғарылап отырады. Белгілі бір емдеу шараларымен ауру ремиссиясына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда Тирозол® мүмкіндігінше төмендеу дозада ұзақ мерзімдік антитиреоидтік ем түрінде левотироксинді қоспай немесе төмен дозада біріктірілімде қолдануға болады. Зобы ұлғайған және трахеясы тарылған пациенттер қажетіне қарай Тирозол® препаратымен тек қысқа мерзімдік ем қабылдауы тиіс, себебі оны ұзақ уақыт қолдану зобтың ұлғаюына әкелуі мүмкін. Емдеу үдерісінде пациентке мұқият мониторинг жүргізу қажет ((ТТГ (тиреотроптық гормон) мөлшері, трахея саңылауы). Емді қалқанша без гормондарын қосымша қолданумен біріктірілімде жүргізген дұрыс. Операция алдындағы ем Алдын ала емдеу хирургиялық операциямен байланысты қауіптерді төмендету мақсатында зат алмасудың эутиреоидты жағдайына қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін. Жеке қажеттіліктерге байланысты емдеу ұзақтығы шамамен 3-4 аптаны немесе одан көп уақытты құрауы мүмкін. Пациент эутиреоидты жай-күйге жеткеннен кейін хирургиялық операция бірден жасалуы тиіс, себебі олай болмаған жағдайда қалқанша без гормондарын толықтыру қажет болуы мүмкін. Емді хирургиялық операцияға дейін бір күн бұрын аяқтауға болады. Тирозол® қалқанша без тіндерінің зақымдану және одан қан кету қаупін арттырады, бұл операцияға дейін он күн бойы операция алдындағы емдеуге йодтың жоғары дозаларын қосумен (Пламмер (Plummer) йодотерапиясы) орнын толтыруы мүмкін. Радиоактивті йодпен емдеу алдындағы ем Радиоактивті йодпен емдеуді бастар алдында эутиреоидті зат алмасу жай-күйіне жету, әсіресе, ауыр гипертиреозда маңызды фактор болып табылады, себебі жекелеген жағдайларда мұндай емнен кейін алдын ала ем жүргізілмегенде емнен кейінгі тиреоуытты кризис байқалды. Ескертпе: Тионамид туындылары қалқанша без тіндерінің радиосезімталдығын төмендетуі мүмкін. Радиоактивті йодпен жоспарлы емдеуде, автономды аденома кезінде алдын ала емдеу арқылы паранодулярлық тіндер активациясын болдырмау керек. Радиоактивті йодпен емдегеннен кейінгі кезеңдік антитиреоидты емдеу Емдеу ұзақтығын және қолданылатын дозаны радиоактивті йодпен емдеу тиімділігі көріне бастағанға дейін болжамды уақыт кезеңінде клиникалық көрініс ауырлығына байланысты жеке анықтау қажет (шамамен 4-6 ай). Диагностикалық мақсатта құрамында йод бар субстанцияларды қолдану нәтижесінде гипертиреоз даму қаупі бар пациенттерде профилактикалық емдеу Жалпы, шамамен 10 күн бойы 10 - 20 мг тиамазол және/немесе 1 г перхлораттың тәуліктік дозалары қолданылады (мысалы, бүйрек арқылы шығарылатын контрастылы орталар үшін). Емдеу ұзақтығы құрамында йод бар субстанцияның организмде болатын уақыт кезеңіне байланысты. Пациенттердің ерекше тобы Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиамазолдың төмен плазмалық клиренсі байқалады. Сондықтан препараттың мүмкіндігінше төмендеу дозасын қолдану және пациенттерді мұқият бақылау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Тирозол® препаратын қолдану жөніндегі фармакокинетикалық деректердің мөлшері жеткіліксіз болуы салдарынан жекелей дозалауды түзетуді сақтықпен жүзеге асыру қажет және мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. Доза мүмкіндігінше төмен болуы тиіс. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препараттың жинақталуы болмаса да, жекелей дозалауды түзетуді сақтықпен жүзеге асыру керек және мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.