+324 бонус

ТИОКТОН 600 мг/24 мл №5 ампул

6485 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиоктовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РУМЫНИЯ
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құты (24 мл) препараттың ішінде: белсенді зат - тиокт қышқылы 600.00 мг (трометамол тиоктаты түрінде 952.2876 мг); қосымша заттар: трометамол, трометамол 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Диабеттік полиневропатия кезіндегі сенсорлық бұзылулар.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық. Ескерту: Тиоктон препаратын осы жас тобында препаратты қолдану туралы клиникалық деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Дозасы
Диабеттік полиневропатиядан туындаған сенсорлық бұзылулар үшін ересектерде ұсынылатын доза вена ішіне енгізілетін күніне 24 мл инъекцияға арналған ерітінді (күніне 600 мг тиокт қышқылына сәйкес келеді) болып табылады. Емдеудің басында инъекцияға арналған ерітінді 2-4 апта бойы вена ішіне енгізіледі. Демеуші ем үшін күніне 300-600 мг дозада тиокт қышқылын пероральді қабылдауға ауысады. Қандағы қанттың оңтайлы деңгейін реттеу диабеттік полиневропатияны емдеудің негізі болып табылады. Енгізу әдісі мен жолы Тиоктонды кем дегенде 12 минут баяу вена ішіне енгізу арқылы сұйылтылмаған ерітінді ретінде енгізу керек. Тиоктонды инфузия түрінде де енгізуге болады: ол үшін бір құтының ішіндегісін 100-250 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, бұл жағдайда енгізу уақыты кемінде 12 минут болуы тиіс. Препарат жарыққа сезімтал, сондықтан инфузияға арналған ерітінді тура қолданар алдында дайындалады. Енгізу басталғанға дейін, жарықтан қорғау үшін инфузиялық ерітінді алюминий фольгамен жабылады. Инфузиялық ерітіндіні жарықтан қорғалған жерде сақтаған кезде 6 сағат ішінде қолдануға болады. Инфузияны жүргізудің ең аз уақытының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет, ол кемінде 12 минутты құрауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер әр пациент үшін жеке анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.