ТИОДЕКСА 50мг/4мг 2мл №6 амп

3680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиоколхикозид в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың құрамында белсенді заттар: декскетопрофен трометамолы 73,8 мг (50.0 мг декскетопрофенге баламалы) және тиоколхикозид 4.0 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, 96% этил спирті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ТИОДЕКСА® ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерде төмендегі ауруларды емдеу үшін көрсетілген: - ревматизмдік аурулар (мысалы, остеоартрит, ревматоидты артрит, периартрит, тендинит, теносиновит және бурсит); - жұмсақ тіндердің жарақаты (мысалы, байламдардың созылуы); - ауырумен, қабынумен және бұлшықет ширығуымен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
ТИОДЕКСА®: - әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық бар пациенттерге, - жүктілік - емшек емізетін әйелдердерге (лактация кезеңінде), - кез келген басқа ҚҚСП аса жоғары сезімталдық бар пациенттерге, - мұндай әсері бар заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП) демікпе ұстамасын, бронх түйілуін, жедел ринит, есекжем немесе ангионевроздық ісінуді туындататын пациенттерге; - кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезінде белгілі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялары, - ҚҚСП қабылдау салдарларынан анамнезде белсенді пептидтік ойық жарасы, асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу бар пациенттерге, - созылмалы диспепсиясы бар пациенттерге, - басқа белсенді қан кетулер немесе қан ұюының бұзылулары (гемостаз) бар пациенттерге, - Крон ауруы немесе ойықжаралы колит бар пациенттерге, - жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге, - бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр (креатинин клиренсі ≤59 мл/мин) пациенттерге, - бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10 -15), - геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары (коагуляциялар) бар пациенттерге, - ауыр дегидратациясы бар (құсудан, диареядан немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтынудан туындаған) пациенттерге қолданбаған жөн. Тиодекса құрамында этанолдың болуына байланысты нейроаксиальді (интратекальді немесе эпидуральді) енгізу үшін қарсы көрсетілген
Дозасы
Ұсынылатын және ең жоғары тәуліктік доза – әр 12 сағат сайын (күніне 2 рет) (яғни күніне 8 мг тиоколхикозид және 100 мг декскетопрофен) бір ампула. Ампула түріндегі ұсынылған емдеу ұзақтығы – 3 күн. Содан кейін пациенттер дереу препаратты пероральді қабылдауға ауысуы керек Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны енгізе отырып төмендетуге болады. Ұсынылатын дозалардан жоғары дозадан немесе ұзақ уақыт бойы қабылдаудан аулақ болу керек. Енгізу әдісі және жолы ТИОДЕКСА® ампулалары бұлшықет ішіне енгізуге арналған: - бір ампуланың ішіндегісін (2 мл) бұлшықетке терең баяу инъекция арқылы енгізеді. - ерітінді стерильді жағдайларда дайындалуы, препараттың жарыққа сезімталдығына байланысты тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы және дайындалғаннан кейін бірден қолданылуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы қатарынан 3 күн емдеумен шектеледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.