+32 бонус

Тимолол-DF 0,25% 5мл капли глазные

655 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО "DOSFARM"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 3.42 мг (0.25%), 6.83 мг (0.5%) тимолол малеаты (тимололға баламалы - 2,50 мг (0.25%), 5,00 мг (0.5%)), қосымша заттар: повидон К30, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді 50% ерітінді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
көзішілік қысымның жоғарылауында (көз гипертензиясы) глаукомада (созылмалы ашық бұрышты глаукома) афакиялық глаукома және салдарлы глаукоманың басқа да түрлерінде жабық бұрышты глаукома кезінде көзішілік қысымды төмендетуге арналған қосымша дәрі ретінде (миотиктермен біріктірілімде) глаукомада, катарактаны алып тастау операциясынан кейін Препаратты офтальмологтың тағайындауы бойынша немесе ол тағайындаған емді жалғастыру үшін ғана қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының басқа да ауыр созылмалы обструкциялық аурулары синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада кардиостимулятормен бақыланбайтын II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Ұсынылатын ем-зақымданған көзге күніне 2 рет 0,25% ерітіндінің бір тамшысы. Егер клиникалық жауап жеткіліксіз болса, дозаны әрбір зақымданған көзге күніне екі рет 0,5% ерітіндіден бір тамшыға өзгертуге болады. Қажет болса, Тимололды көзішілік қысымды төмендету үшін басқа дәрілермен бірге қолдануға болады (простагландин аналогтары, миотиктер, адренергиялық агонистер немесе карбоангидраза тежегіштері). Глаукомаға қарсы басқа препараттардан Тимолол-DF ауысқан кезде алдыңғы емдеу дереу тоқтатылуы мүмкін. Емдеудегі үзіліс немесе препараттың дозасын өзгерту емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады. Носолакримальді окклюзияны пайдаланған кезде немесе көзді 2 минутқа жапқанда дәрілік препараттың жүйелі сіңірілуінің төмендеуі болады. Мұндай шара жүйелі жағымсыз әсерлер қаупін азайтуға және препараттың жергілікті әсерін күшейтуге мүмкіндік береді. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда Деректердің шектеулі болуына байланысты тимололды хирургиялық тәсіл туралы шешім қабылданып жатқанда және сәтсіз операция жағдайында әрі қарай нұсқаларды күте отырып, өтпелі кезең ішінде бастапқы туа біткен және бастапқы ювенильдіы глаукомада ғана қолдану үшін ұсынуға болады. Балаларда дозалануы Балаларда тимололды қолдану мәселесін қарастыру кезінде клиницистер осы дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіптері мен артықшылықтарын мұқият бағалауы керек. Педиатриялық анамнезді егжей-тегжейлі талдау және жүйелі бұзылулардың болуын анықтау үшін баланы тексеру тимололды тағайындаудан бұрын болуы керек. Препаратты балаларда қолдану жөнінде тек шектеулі клиникалық деректер болғандықтан, дозалау бойынша ешқандай нақты ұсыныстар беруге болмайды. Алайда, егер емдеудің пайдасы қауіптен жоғары болса, белсенді заттың ең төмен концентрациясын күніне бір рет пайдалану ұсынылады. Егер көзішілік қысым талапқа сай бәрібір бақыланбаса, зақымданған көзге дозаны күніне ең көбі екі тамшыға дейін абайлап арттыру мүмкіндігін қарастыру керек. Препаратты күніне екі рет қолданғанда, 12 сағат аралық дұрыс деп есептелуі тиіс. Бұдан басқа, пациенттер алғашқы дозаны тамызғаннан кейін медициналық мекемеде бір-екі сағат бойы мұқият бақылауда болуы, сондай-ақ операция жүргізгенге дейін көздің және жүйелі жағымсыз әсерлердің болуына мұқият бақылануы тиіс. Педиатрияда қолдануға келетін болсақ, белсенді заттың 0,1% концентрациясы жеткілікті болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы Балаларда – қысқа мерзімді емдеу үшін. Егде жастағы пациенттер Тимололды пациенттердің бұл санатында қолданғанда мұқият дәрігерлік бақылау қажет. Басқа пациенттер Аса сақтықпен препарат өкпе эмфиземасы, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, компенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, аллергиялық емес созылмалы бронхит, бронх түйілуі, вазомоторлы ринит, Рейно ауруы, феохромоцитома, метаболизмдік ацидоз, ауыр цереброваскулярлық жеткіліксіздік, қант диабеті (әсіресе лабильді ағым), гипогликемия, гипертиреоз, миастения, қайталанатын ақсақтық және гемодиализдегі пациенттерде қолданылады. Енгізу әдісі мен жолы Тамшыны зақымданған көзге инстилляциялау. Ықтимал жағымсыз әсерлерді шектеу үшін дозалау кезінде тек бір тамшысын тамызу керек. Жергілікті қолданылатын бета-адреноблокаторлардың жүйелі сіңірілуін мұрын-көзжасы арнасын қысу және инстилляциядан кейін мүмкіндігінше ұзақ (шамамен 3-5 минут) көз жұмып отыру арқылы азайтуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.