+32 бонус

ТИММАЛ 0,25% 5 мл гл. капли

645 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Лекос РК
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 2.5 мг немесе 5.0 мг тимолол (3.4 мг немесе 6.8 мг тимолол малеаты түрінде), қосымша заттар: бензалконий хлориді 50 % ерітіндісі (100 % затқа шаққанда), натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты (ерітіндінің рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомада - жоғары көзішілік қысымда - катарактаны алып тастау операциясынан кейінгі глаукомада - салдарлы глаукомада - туа біткен глаукомада (басқа емдік шаралардың тиімсіздігінде) Жабық бұрышты глаукомада тимолол біріктірілген ем құрамында (миотиктермен біріктіргенде) қолданылуы мүмкін. Тек дәрігердің тағайындауымен немесе офтальмолог бастамасымен әрі қарай емдеу үшін қолдану ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесі, бронхтар асқын реактивтілігі, өкпенің созылмалы ауыр обструктивтік аурулары - синустық брадикардия (жүрек жиырылулары жиілігінің азаюы), синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада - кардиостимулятормен бақыланбайтын II - III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, - ІІ-ІІІ дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі - кардиогендік шок - ауыр атрофиялық ринит - мөлдір қабық дистрофиясы - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге 0,25 ерітіндіні 1 тамшыдан күніне 2 рет, тиімділігі жеткіліксіз болғанда - 0,5 ерітіндіні 1 тамшыдан күніне 2 рет тамызады. Көзішілік қысым қалпына келгеннен кейінгі демеуші доза - күніне 1 рет 0,25 ерітіндінің 1 тамшысы. Екі жергілікті бета-блокаторларды қолдануға болмайды! Жабық бұрышты глаукомада тек қана миотикалық дәрілермен бірге қолданылуы мүмкін. Басқа препараттарды тимолол қабылдағанға дейін кем дегенде 10 минут бұрын тамызу ұсынылады. Басқа препараттардан тимололға ауысу Басқа жергілікті бета-блокаторды пайдаланған кезде оны пайдалануды тоқтату қажет және емсіз толық күннен кейін емді ТИММАЛ® көзге тамызатын дәрісімен емдеуді әрбір зақымданған көзге күніне 2 рет 0,25 % ерітіндіден 1 тамшыдан, тиімділігі жеткіліксіз болған кезде - күніне 2 рет 0,5 % ерітіндіден 1 тамшыдан бастауға болады. Пациентті антиглаукомалық препараттан ауыстырған кезде (жергілікті қолдануға арналған бета-блокаторлардан басқа) препаратты қабылдауды жалғастыру және әрбір зақымданған көзге тәулігіне 2 рет 0,25 % тимололдың бір тамшысын қосу керек. . Келесі күні алдыңғы препаратты толығымен тоқтатып, тимололды қолдануды жалғастыру керек. Тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда дозаны өзгерту керек - күніне 2 рет 0,5 % ерітіндінің 1 тамшысынан. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тимолол малеатын қолданудың үлкен тәжірибесі бар. Дозаны түзету қажет емес. Басқа пациенттер Препаратты өкпе эмфиземасы, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиясы, компенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, аллергиялық емес созылмалы бронхит, бронх түйілуі, вазомоторлық ринит, Рейно ауруы, феохромоцитома, метаболиялық ацидоз, цереброваскулярлық ауыр жеткіліксіздігі, қант диабеті (әсіресе құбылмалы ағымдағы), гипогликемия, гипертиреоз, миастения, аракідік ақсаңдау және гемодиализ алып жүрген пациенттерге айрықша сақтықпен қолданады. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін. Зақымданған көзге тамызатын дәріні тамызу Болуы мүмкін жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын азайту үшін бір ретте тек бір тамшы ғана тамызу керек. Жергілікті бета-адреноблокаторлардың жүйелі сіңірілуін мұрын-көз жасы өзегін басып-қысу және инстилляциядан кейін мүмкіндігінше ұзақ (шамамен 3-5 минут) көз жұмып отыру арқылы азайтуға болады. Пациенттер тамшылатқыш- құтының ұшын көзбен жанастырудан аулақ болу керектігі туралы үйретілуі тиіс. Сондай-ақ, пациенттерге көздің ерітінділері оларды дұрыс қолданбаған жағдайда көз инфекциясын тудыратын бактериялар жұқтыруы мүмкін екендігі туралы хабардар болуы тиіс. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің қатты зақымдалуына және кейіннен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы Емдеу, әдетте, ұзақ уақыт бойы жүргізілуі мүмкін. Көзішілік қысымды бағалау емдеу басталғаннан кейін 1 айдан соң жүргізілуі тиіс. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты болады және дәрігер анықтайды. Препаратты қолдануда үзіліс жасау немесе дозаны өзгерту тек емдеуші дәрігердің ұйғарымы бойынша жүргізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.