+262 бонус

ТЕРФАЛИН 250 мг №14 таб

5240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – тербинафин гидрохлориді 281,250 мг (250 мг тербинафинге баламалы), қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза 15 ср, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза РН 101, микрокристалды целлюлоза РН 102, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
- Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum туындатқан терінің және шаштың зең инфекциялары. - Пероральді қолдануға арналған Терфалин® дерматофитозды емдеуде (тегіс тері микозы, ірі қатпарлардың микозы және табан микозы), зақымданудың орнына, инфекцияның ауырлығы мен таралуы пероральді емнің орындылығын анықтайтын жағдайларда көрсетілген. - Дерматофитті зеңдер туындатқан онихомикоздар (тырнақтың зеңдік инфекциясы). Терфалин® пероральді түрде қынаптық кандидозға және түрлі-түсті теміреткіге тиімді емес.
Қарсы көрсетілімдер
- тербинафинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың созылмалы немесе жедел ауруы
Дозасы
Ересектер Күніне бір рет 250 мг. Емдеу ұзақтығы инфекцияның көрсеткіштері мен ауырлығына байланысты өзгереді. Терінің зеңдік инфекциялары Емдеу ұзақтығы мынадай: Табан микозы (саусақаралық, табандық/«мокасина» түрі): 2-ден 6 аптаға дейін. Тегіс тері микозы: 4 апта. Үлкен қатпарлардың микозы: 2-ден 4 аптаға дейін. Онихомикоз Емдеу ұзақтығы 6 аптадан 3 айға дейін. 3 айдан аз уақытқа созылатын емдеу кезеңдері саусақтардың тырнақтары, бас бармақтан басқа башпай тырнақтары зақымдануы бар пациентетрде немесе жас пациенттерде болуы мүмкін. Тырнақтың зақымдануын емдегенде әдетте 3 ай жеткілікті, дегенмен кейбір пациенттер үшін 6 ай немесе одан да ұзаққа созылатын емдеу қажет болуы ықтимал. Ұзақ емдеуді қажет ететін пациенттер емдеудің алғашқы апталарында тырнақтың өсу жылдамдығының төмендеуімен анықталады. Инфекция симптомдары мен белгілерінің толық жойылуы микологиялық емдеуден бірнеше апта өткен соң ғана болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (65 және одан жоғары) Егде жастағы пациенттерге басқа дозалар қажет немесе жас пациенттерден өзгеше жағымсыз реакциялар пайда болады деген деректер жоқ. Бұл жас тобында бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылу мүмкіндігін ескеру қажет. Бауыр аурулары Терфалин® таблеткаларын бауырдың созылмалы немесе белсенді аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек аурулары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Терфалин® таблеткаларын қолдану жеткілікті зерттелмеген, осыған байланысты пациенттердің осы тобында препаратты қолдану ұсынылмайды. Балалар Екі жасқа дейінгі балалар туралы деректер жоқ (әдетте <12 кг). Дене салмағы <20 кг болатын балаларға қолдану ұсынылмайды. Салмағы 20-дан 40 кг дейінгі балалар (6-12 жас): күніне бір рет 125 мг (250 мг таблетканың жартысы). Дене салмағы >40 кг балалар: күніне бір рет 250 мг (бір таблетка 250 мг). Енгізу әдісі мен жолы Сызығы бар таблеткаларды сумен іше отырып, ішке қабылдайды. Күнделікті бір уақытта ашқарынға немесе тамақтан кейін қабылдаған жөн. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар Егер сіз таблетка қабылдауды ұмытып кетсеңіз, өткізіп алғаныңызды байқаған бойда оны қабылдауыңыз керек. Алайда, тербинафиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне байланысты, егер келесі дозаны 4 сағаттан аз уақыт ішінде қабылдау қажет болса, қабылдауды қайталамау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.