+114 бонус

ТЕРФАЛИН 1% 15 г крем

2280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г кремнің құрамында белсенді зат – 10.000 мг тербинафин гидрохлориді (8,888 мг тербинафинге баламалы), қосымша заттар: натрий гидроксиді, бензил спирті, сорбитан стеараты, цетилпальмитат, цетил спирті, стеарил спирті, полисорбат 60, изопропилмиристат, тазартылған су.
Қолданылуы
Терфалин® кремі ересектер мен 12 жастағы және одан асқан балаларға: - Trichophyton (мысалы, T. rubrum, Т. mentagrophytes, Т. verrucosum, Т. violaceum), Microsporum Canis және Epidermophyton floccosum секілді дерматофиттер туындатқан терінің зең инфекцияларын, мысалы, табан дерматомикозын, дененің тегіс терісі мен аяқ микоздарын - Pityrosporum orbiculare(сондай-ақ Malassezia furfur атауымен де белгілі) туындатқан кебек тәрізді теміреткіні (Tinea versicolor) - ашытқы зеңдері, негізінен, Candida (Candida albicans) тектес зеңдер туындатқан терінің зеңдік инфекцияларын (кандидоз) емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- тербинафинге немесе кез келген басқа қосымша затқа жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер мен 12 жастағы және одан асқан балалар Алғаш қолданар алдында сықпаның ұшындағы қорғаныс жарғақшасын бұралатын қалпақшадағы шығыңқы жердің көмегімен ашу керек. Кремді жағар алдында зақымдалған аумақтарды тазалап, кептіру керек. Кремді зақымдалған теріге және оған жақын жерлерге жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды. Базданумен қатар жүретін инфекцияларда (сүт бездерінің астында, саусақ аралықтарында, бөксе арасында, шат аумағында) жағу орнына дәке таңғышын, әсіресе түнде қолдануға болады. Ұсынылатын дозалау режимі және емдеу ұзақтығы: - табан дерматомикозы (саусақаралық аумақ): күніне 1 рет 1 апта - өкшелік типті табан дерматомикозы: күніне 2 рет 2 апта - шап дерматомикозы, дененің тегіс терісінің микозы: күніне 1 рет 1 апта - Candida тектес зеңдер туындатқан терінің зеңдік инфекциялары (тері кандидозы) : күніне 1-2 рет 1-2 апта - кебек тәрізді теміреткі: күніне 1-2 рет 2 апта Клиникалық көріністеулер айқындылығының азаюы әдетте емдеудің алғашқы күндерінде байқалады. Тұрақты қолданбау немесе емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату аурудың қайталану қаупін арттырады. Егер емдеуді бастағаннан кейін екі аптадан соң жақсару белгілері байқалмаса, диагнозды тексеру үшін дәрігермен кеңескен жөн. Терфалин® кремінің тиімділігі айқын онихомикозбен (тырнақтың зеңдік зақымдануымен) қатар жүретін табан дерматомикозы бар пациенттерде зерттелмеген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.