+135 бонус

ТЕРАФЛЮ со вкусом лимона №10 пак

2700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол в комбинации с другими препаратами, кроме психолептиков
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Delpharm Orleans
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
ересектерде тұмаудың және суық тиюдің қысқа мерзімді симптоматикалық емі (мұрын және мұрын қуыстарының бітелуі, тұмаурату, түшкіру, тамақтың ауыруы, бас ауыруы, бұлшықеттің ауыруы және мұрынның қосалқы қойнауларының ауырсынуы, жоғары температура)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе ұқсас субстанцияларға (мысалы, пропацетамолға) немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық. бауыр функциясының күрделі бұзылуы (бауыр циррозы, асцит), жедел гепатит, бауырдың декомпенсацияланған аурулары туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер синдромы) моноаминооксидаза тежегіштерін (МАО) қабылдауды бір мезгілде немесе жақында тоқтату (2 апта ішінде) эпилепсия 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектер (егде жастағы адамдарды қоса): әр 4 сағат сайын 1 пакеттен. Қабылдаулар арасындағы ең төмен аралық – 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза: 24 сағаттың ішінде 3 пакет. 24 сағат ішінде 3 пакеттен артық қолдануға болмайды. Ұсынылған дозадан асыруға болмайды. Емнің ең қысқа кезеңінде нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Бір пакеттің ішіндегісін 1 стақанда (шамамен 250 мл) ыстық сумен еріту керек. Ыстық күйінде қолдану керек. Дозаны қайтадан 4 сағаттан ерте қабылдамау керек. Терафлю суық тиюден және тұмаудан тәуліктің кез келген уақытында қолдануға болады, бірақ ең жақсы әсер препаратты түнде ұйқыға дейін қабылдаған кезде беріледі. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: креатинин клиренсі 50 мл/мин және одан жоғары болғанда препаратты қабылдаудың арасындағы ең төмен аралық – 4 сағат, 10-50 мл/мин – 6 сағат, 10 мл/мин кем – 8 сағат. Емдеу ұзақтығы Дәрігердің кеңесінсіз қолданудың ең көп ұзақтығы – 3 күн. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Терафлю суық тиюден және тұмаудан артық дозалануы симптомдары, әдетте, парацетамолдың артық дозалануына байланысты болады. Артық дозалану жағдайында симптомдары болмаса да, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Симптомдары Жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, тәбеттің болмауы, жалпы өзін-өзі нашар сезіну, бозару, қатты тершеңдік, кейіннен қозумен, ұйқышылдық, әсіресе балаларда кешеуілденген қозу. Сондай-ақ көрудің бұзылуы, тері бөртпесі, жүректің айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, қан айналымының бұзылуы, кома, құрысулар (әсіресе балаларда), естен тану, артериялық қысымның жоғарылауы және брадикардия пайда болуы мүмкін. Емі Уыттануға күдік болған кезде емдеу тез арада басталуы тиіс және келесі шараларды қамтуы тиіс: асқазанды шаю (артық дозаланудың алғашқы 1-2 сағат ішінде ғана орынды), содан кейін белсендірілген көмірді қабылдау керек. N-ацетилцистеин немесе метионинді пероральді қабылдау. Антидотты оральді түрде қолдану мүмкін емес немесе жеткіліксіз шамада (алғашқы 8 сағаттың ішінде дұрыс) мүмкін болатын кезде (мысалы, қатты құсу, сананың бұлыңғырлануына байланысты) N-ацетилцистеинді вена ішіне енгізуге болады. N-ацетилцистеин 16 сағаттың ішінде белгілі бір әсер етуі мүмкін артериялық қысым төмендеген кезде вазопрессорлық препараттарды қолдануға болады. Артериялық қысым жоғарылаған жағдайда α- адренорецепторлардың блокаторларын вена ішіне қолдануға болады. Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі жүректің айнуы және құсу күйгелектік мелшею, бас ауыруы, ұйқысыздық Жиі емес эритема, есекжем, терінің қызаруы Сирек: аллергиялық тромбоцитопения (кейде геморрагиялармен және қан кетумен), лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения, нейтропения, гемолиздік анемия аллергиялық дерматит, есекжем, Квинке ісінуі (ангионевроздық ісіну), ентігу, бронх түйілуі, тершеңдік, жүректің айнуы, артериялық қысымның төмендеуі, анафилаксиялық шок сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары. «Аспиринді» демікпесі бар немесе ацетилсалицил қышқылына жағымсыздықтың басқа да көріністері бар пациенттердің аздаған үлесі (5-10%) парацетамолға (анальгетикалық демікпе) ұқсас реакцияға ие болуы мүмкін. ұйқышылдық ** аса қозу жай-күйі (күйгелектік, мазасыздық, ұйқының бұзылуы) тахикардия, жүректің соғу сезімі, артериялық гипертензия ауыздың құрғауы, іш қату, асқазандағы ауырлық сезімі бауыр ферменттері деңгейінің артуы экзема, пурпура, эритема, тері бөртпесі, қышыну жабық бұрышты глаукоманың өршуі (жабық бұрышты глаукома анықталған пациенттерде едәуір ықтимал), мидриаз несеп шығарудың іркілуі (әсіресе қуық асты безінің гипертрофиясы сияқты қуық обструкциясы бар адамдарда), дизурия Өте сирек Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) Жиілігі белгісіз анафилаксиялық реакциялар лейкопения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия антихолинергиялық симптомдар, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, есте сақтаудың немесе зейін қоюдың жоғалуы*, тепе-теңдіктің бұзылуы*, сылбырлық*, седативті әсер** елестеулер, сананың шатасуы ортостаздық гипотензия мидриаз, аккомодация бұзылуы несеп шығарудың іркілуі *егде жастағы адамдарда болуы ықтимал **емдеудің басында едәуір айқын Жоғарыда көрсетілген жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, сондай-ақ терінің қабыршықтануы, ауыз қуысында ойық жаралардың пайда болуы, тыныс алудың қиындауы, еріннің, тілдің, тамақтың және беттің ісінуі, гематома, қан кету немесе препаратқа кез келген басқа жағымсыз реакциялар болса препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек. Бұл симптомдар сирек немесе өте сирек кездеседі. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.