+71 бонус

ТЕОТАРД 200 мг №40 капс

1420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теофиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат-теофиллин (сусызға шаққанда) 200 мг немесе 350 мг қосымша заттар: повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, триэтилцитрат, аммоний метакрилаты сополимерінің В типі, аммоний метакрилаты сополимерінің А типі, тальк, капсула қабығының құрамы: индиготин (Е132), хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы (Е171), желатин
Қолданылуы
Пациенттердегі тыныс алу жолдарының тарылуы (бронхоконстрикция) салдарынан пайда болатын ентігуді емдеу және алдын алу: - персистирленетін бронх демікпесімен - тыныс жолдарының орташа дәрежеден ауыр дәрежеге дейінгі обструкциялық ауруымен (созылмалы обструкциялық бронхит, өкпе эмфиземасы) Препарат жедел демікпе статусын және жедел бронхоспазмдық синдромды емдеуге арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, ксантин туындыларына (кофеин, теобромин, пентоксифиллин сияқты) немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық жақында өткерген миокард инфарктісі жүрек ырғағының жедел бұзылуы (жедел тахиаритмия) обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия эпилепсия және басқа да құрысу жағдайлары асқазанның және он екі елі ішектің асқыну фазасындағы ойықжаралы ауруы, жоғары қышқылдылықпен байқалатын гастрит, асқазан - ішек жолынан (АІЖ) жақында қан кету артериялық ауыр гипертензия немесе гипотензия, геморрагиялық инсульт, көз торқабығына қан құйылу гипертиреоз 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Бұл препаратты әрдайым дәрігер тағайындаған дәлдікте қабылдаңыз. Егер сіз препаратты қабылдаудың дұрыстығына күмән келтірсеңіз, емдеуші дәрігермен немесе фармацевпен кеңесіңіз. Теофиллиннің дозасы клиникалық әсердің, қан плазмасындағы теофиллин деңгейінің және ықтимал жағымсыз әсерлердің негізінде анықталады. Қан плазмасындағы теофиллиннің терапиялық деңгейлері зертханада анықталады. Сондықтан дәрігеріңіз қан плазмасындағы теофиллин деңгейін тексеру үшін емдеу кезінде сізден мерзімді қан талдауын тапсыруды талап етеді. Дене салмағы 40 кг - нан асатын ересектер үшін ұсынылатын доза күніне екі рет 350 мг теофиллинді, дене салмағы аз ересек пациенттер үшін күніне екі рет 200 мг теофиллинді құрайды. Ересектер үшін теофиллиннің тәуліктік демеуші дозасы дене салмағының кг-на шамамен 11-13 мг құрайды. Дозаны есептегенде дененің мінсіз массасын (майсыз массаны) қолдану керек. Түнгі демікпесі немесе ұйқы кезінде тыныс алуы бұзылған пациенттер ұйықтар алдында тәулігіне Теотард препаратының бір дозасын қабылдай алады. Әдетте 400-ден 700 мг дейін теофиллин жеткілікті. Шылым шегетін пациенттер әртүрлі дозаларды, яғни кешке жоғарылау доза және таңертең төмендеу доза қабылдай алады. Теотард препаратының бірінші дозасын ұйықтар алдында кешке қабылдау ұсынылады. Темекі шегу теофиллиннің шығуына әсер етеді. Егер пациент темекі шегуді тоқтатса, онда теофиллин шығуының артуына байланысты емдеуші дәрігерді хабардар ету керек. Препараттың уыттылығын болдырмау мақсатында емдеуші дәрігер дозаны түзете алады. Теофиллиннің емдік әсері мен төзімділігі емдеудің үшінші күні бағаланады. Егер емдік әсері қанағаттанарлық болса, емдеуді сол дозада жалғастырады. Клиникалық әсері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда препараттың дозасы арттырылуы тиіс. Егер жағымсыз әсерлер пайда болса, дозаны азайту керек немесе препаратты тоқтату керек. Теофиллиннің дозасы клиникалық әсердің, қан плазмасындағы теофиллин деңгейінің және ықтимал жағымсыз әсерлердің негізінде анықталады. Қан плазмасындағы 55 мкмоль/л-ден 110 мкмоль/л-ге дейінгі теофиллиннің емдік деңгейлері оңтайлы болып табылады (10 мг/л-ден 20 мг/л-ға дейін). Қан плазмасындағы теофиллиннің терапиялық деңгейлері зертханада анықталады. Қан плазмасындағы теофиллиннің нақты деңгейі күніне екі рет Теотардты қабылдайтын пациенттерде таңғы дозадан кейін 4 сағаттан соң және күніне бір рет Теотардты қабылдайтын пациенттерде кешкі дозадан кейін 12 сағаттан кейін қан сынамасын алу арқылы анықталады. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Теофиллиннің шығуы бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде баяулауы мүмкін. Емдеуші дәрігер препараттың дозасын азайту және пациенттің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдауы мүмкін. Егде жастағы пациенттер 60 жастан асқан пациенттерде теофиллиннің шығуы баяулайды. Емдеуші дәрігер препараттың дозасын азайту және пациенттің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдауы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған. Капсулаларды сұйықтықтың аз мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек. Капсулаларды ашуға және шайнауға болмайды. Емдеу ұзақтығы Препаратты пайдалану ұзақтығы аурудың түріне, ауырлық дәрежесіне және ағымына байланысты және емдеуші дәрігермен анықталады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.