+66 бонус

ТЕОФИЛ СР 100 мг №30 капс

1320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теофиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – 136,98 мг теофиллин микропеллеттері (100 мг теофиллинге баламалы), 273,96 мг теофиллин микропеллеттері (200 мг теофиллинге баламалы), 410,94 мг теофиллин микропеллеттері (300 мг теофиллинге баламалы) капсула корпусы: желатин капсула қақпағы: желатин, 100 мг үшін - қызыл аллюра (Е 129), 200 мг үшін - индигокармин FD&c көгілдір 2 (Е 132), 300 мг үшін - патенттелген көгілдір V (Е 131), хинолинді сары (Е 104).
Қолданылуы
- бронх демікпесі - этиологиясы әртүрлі бронх түйілуін симптоматикалық емдеу (оның ішінде созылмалы обструкциялық өкпе аурулары, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы, созылмалы өкпелік жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі өкпе гипертензиясы) - шығу тегі орталықтан болатын ұйқы кезіндегі тыныс алу бұзылыстары
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді зат, ксантин туындыларына (кофеин, теобромин, пентоксифиллин сияқты) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жақында бастан өткерген миокард инфарктісі жүрек ырғағының жедел бұзылулары (жедел тахиаритмия) асқыну фазасындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, қышқылдығы жоғары гастрит, асқазан-ішек жолынан (АІЖ) таяуда қан кету ауыр артериялық гипер - немесе гипотензия, геморрагиялық инсульт, көздің тор қабығына қан құйылу гипертиреоз 12 жасқа дейінгі балалар (дозасы 100 мг) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (дозасы 200 мг және 300 мг)
Дозасы
Дозалау режимі жасына, дене салмағына және метаболизм ерекшеліктеріне байланысты жекелей белгіленеді. Доза қан сарысуындағы теофиллин концентрациясын анықтауға негізделуі тиіс (сарысудағы тиімді концентрация – 5-12 мкг/мл; 20 мкг/мл-ден аспауы тиіс). Ересектер және 12 жастан асқан балалар: Бір реттік доза - 100 мг; тәуліктік доза - 200 мг. Ең жоғарғы бір реттік доза - 200 мг;  ең жоғарғы тәуліктік доза - 400 мг, жиілігі тәулігіне 2 - 3 рет немесе ұйықтар алдында бір рет. Препарат әсері толық көлемде ем басталғаннан кейін 3-4 күннен соң байқалады. Теофил® СР препаратымен емдеу аз дозалардан басталады, оларды 1 - 2 күн аралықпен ең жоғарғы емдік әсерін алғанға дейін біртіндеп ұлғайтады (тәулігіне 100-200 мг). Егер емдік әсері жақсы болса, емдеу сондай дозада жалғасады. Егер жағдайдың жақсаруы байқалмаса, онда дозаны арттыруға болады. Егер жағымсыз әсерлер пайда болса, дозаны азайту немесе препаратты тоқтату керек. Дозаны ұлғайту төменде көрсетілген ең жоғары дозаларға дейін жүргізілуі тиіс: Жасы Дозасы 12-16 жас: күніне 18 мг/кг 16 жас және одан асқан: күніне 13 мг кг немесе күніне 900 мг. Қан плазмасындағы теофиллиннің емдік концентрациясы зертханада анықталады. Қан плазмасындағы теофиллиннің нақты деңгейі күніне екі рет Теофил® СР қабылдайтын пациенттерде таңертеңгі дозадан кейін 4 сағаттан соң және Теофил® СР күніне бір рет қабылдайтын пациенттерде кешкі дозадан кейін 12 сағаттан соң қан сынамасын алудың көмегімен анықталады. Қан плазмасындағы теофиллиннің емдік деңгейі 55 мкмоль/л бастап 110 мкмоль/л дейін (10 мг/л бастап 20 мг/л дейін) оңтайлы болып табылады. Темекі шегетін пациенттер әртүрлі дозаларды, яғни кешке жоғары дозалар және таңертең төмен дозаларды қабылдауы мүмкін. Теофил® СР препаратының бірінші дозасын кешке ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Теофиллиннің элиминация жылдамдығының артуына байланысты темекі шегетін пациенттер темекі шекпейтін пациенттерге қарағанда препараттың неғұрлым жоғары дозасын қажет етуі мүмкін. Препараттың дозасы пациенттің дене салмағына сәйкес анықталады. Пациент темекіні тастаған жағдайда дозаны бақылау және түзету қажеттілігін қарастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер 100 мг дозадағы препарат 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған. 200 мг, 300 мг дозадағы препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған. Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде теофиллиннің шығарылуы жиі баяулайды. Орташа немесе ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде теофиллин метаболиттері құрамының жоғарылауы мүмкін. Жүрек, бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препараттың төменгі дозаларын қолдану қажет болуы мүмкін: дене салмағы 60 кг жоғары болғанда тәуліктік доза - 400 мг, дене салмағы 60 кг төмен болса - 200 мг; дозаның кез келген ұлғаюы аса сақтықпен орындалуы тиіс. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде (60 жастан жоғары) теофиллиннің шығарылуы баяулайды. Теофиллинді қатар жүретін бірнеше ауруы бар егде жастағы пациенттерде, жағдайы ауыр пациенттерде немесе қарқынды емдеуді қажет ететін пациенттерде қолдану уыттылық қаупін арттырады. Пациенттердің осы топтарында Теофил® СР қолданған жағдайда препараттың әсеріне мұқият мониторинг жүргізу талап етіледі. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтанудан кейін көп мөлшерде сұйықтықпен ішіп қабылдау керек. Капсулаларды тұтасымен жұту керек; ашуға және шайнауға болмайды. Емнің ұзақтығы аурудың түріне, ауырлығына және ағымына байланысты және оны емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.