+60 бонус

ТЕНОРИК 50 мг/12,5 мг, таблетки №28

1210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Атенолол в комбинации с другими диуретикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ipca Laboratories Limited
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 50 мг немесе 100 мг атенолол, 12,5 немесе 25 мг хлорталидон қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, поливинилпирролидон, натрий лаурилсульфаты, тазартылған тальк, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), ақ сұйық парафин, макрогол-400, карнауб балауызы.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған. - артериялық гипертензияда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық - айқын брадикардия - кардиогендік шок, артериялық гипотензия - шеткері қан айналымының айқын бұзылулары - жүректің жедел жеткіліксіздігі - жүректің созылмалы жеткіліксіздігі - вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы) - II және III дәрежелі AV-блокада, синустық түйін әлсіздігі синдромы - метаболизмдік ацидоз - емделмеген феохромоцитома - бронх демікпесі, обструкциялық бронхит - қант диабеті - гипогликемия - подагра - миастения - жедел гепатит - бүйректің жедел жеткіліксіздігі - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Дозалау режимі атенололға есептеліп берілген. Тенорик препаратының ересектерге арналған орташа дозасы - 100 мг; бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Әдетте, препаратты 100 мг атенололға сәйкес келетін дозада қолдану жақсы клиникалық нәтиже береді. Дозасының ары қарай арттырылуы АҚ одан әрі төмендеуіне алып келмейді, немесе оны болар-болмас төмендетеді. Қажет болған жағдайда, гипертензияға қарсы қосымша дәріні тағайындауға болады. Бүйрек функциясының бұзылулары жағдайында препаратты қабылдау жиілігін азайту керек. Тенорикті ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін, препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізу керек. Балалар Тенорик препаратын балаларда қолдану ұсынылмайды. Балалардағы қауіпсіздігі пен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарға препаратты төменірек дозаларда тағайындау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылулары жағдайында препаратты қабылдау жиілігін азайту керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.