+200 бонус

ТЕНОЛИОФ 20мг N3 лиоф д/р-ра д/ин +Р-ЛЬ

4010 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РУМЫНИЯ
  • Өндіруші: К.О.Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының құрамы, миллиграммен Белсенді зат: Теноксикам 1 20 мг Қосымша заттар: маннитол – 66.00 мг, динатрий эдетаты, натрий метабисульфиті – 2.10 мг, трометамол, 1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су. 1 Белсенді зат пен антиоксиданттың мөлшері кептіру кезінде (қажет болған жағдайда)сандық анықтауға және массаның жоғалуына сәйкес реттеледі
Қолданылуы
- остеоартрит және ревматоидты артрит кезінде ауырсыну мен қабынуды жеңілдету - тірек-қимыл аппаратының жедел ауруларын, соның ішінде буынның созылуын, шығуын және жұмсақ тіндердің басқа зақымдануларын қысқа мерзімді емдеу Көрсетілген көрсетімдер кезінде теноксикамды ішке қабылдай алмайтын пациенттерге теноксикамды вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуді қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
теноксикамға немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық теноксикамға айқас сезімталдық ықтималдығына байланысты ибупрофен мен аспиринді қоса алғанда, басқа ҚҚСП-ға бұрын аса жоғары сезімталдық реакциялары (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем симптомдары) байқалған пациенттерге анамнездегі белсенді немесе қайталанатын пептидтік ойықжара/қан кету (дәлелденген жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары), ойықжаралы колит, Крон ауруы, ауыр гастрит, анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе ҚҚСП-ны бұрын қолданудан туындаған тесілу алдағы 48 сағат ішінде жасалатын анестезия немесе операция жүрек, бауыр және бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді емдік дозаны қолдана отырып барынша азайтуға болады. Ересектер Ұсынылатын доза емдеудің алғашқы бір-екі күнінде тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды, содан кейін таблеткаларды қабылдауға ауысады, оларды күн сайын бір уақытта қабылдау керек. Жоғары дозаларды қолдануға болмайды, өйткені бұл жағдайда әрдайым айқын емдік әсерге қол жеткізілмейді және жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттар (бұдан әрі-ҚҚСП) сияқты, теноксикамды егде жастағы пациенттерге ерекше сақтықпен қолдану керек. Егде жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі жоғары, сонымен қатар олар қатарлас дәрілік препараттарды қабылдауы немесе бауыр, бүйрек не жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылулары болуы мүмкін. Қажет болса, емдеудің ең аз кезеңінде емдік әсерге жету үшін ең аз тиімді дозаны қабылдау керек. Асқазан-ішектен қан кету симптомдарын ерте анықтау үшін пациенттерді бақылау қажет. Балалар Тенолиоф препаратын пациенттердің осы тобында қолдану туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты балаларда қолдану ұсынылмайды. Бүйрек және бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде креатинин клиренсі 25 мл/мин асатын пациенттерге дозалау режимін түзетпей дәрігердің мұқият бақылауы қажет. Креатинин клиренсі 25 мл/мин кем пациенттерде мұндай пациенттерге теноксикамды қолдану туралы жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты сақтықпен қолданады. Қан плазмасындағы альбуминнің жеткілікті төмен концентрациясында (мысалы, нефроз синдромы) немесе билирубиннің жоғары концентрациясында теноксикамның қан плазмасы ақуыздарына жоғары жақындығына байланысты сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде мұндай пациенттерге теноксикамды қолдану туралы жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты сақтықпен қолданады. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған. Қолданар алдында лиофилизатты 2 мл еріткіште еріту керек (инъекцияға арналған 2 мл стерильді су). Дайындалған ерітіндіні дереу қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Тірек-қимыл аппаратының жедел ауруларын емдеу әдетте 7 күннен аспайды. Ерекше жағдайларда емдеу 14 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.