+60 бонус

ТЕНОКСИКАМ-СЭЛТФАР 20 мг/2 мл №1 фл. + №1 амп. с раствор.

1200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: Сэлтфар ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – теноксикам 20 мг ** қосымша заттар: 3.68 мг натрий гидроксиді, маннитол, трометамол, хлорсутек қышқылы ** - 10% артықтығын ескере отырып (көл/көл) Еріткіші бар бір ампулада Инъекцияға арналған 2 мл су Қалпына келтірілген Теноксикам ерітіндісінің құрамында 10 мг / мл теноксикам бар.
Қолданылуы
- остеоартритте, ревматоидты артритте, шорбуынданатын спондилитте және жедел подагралық артритте ауырудан және қабынудан жеңілдету үшін; - тірек-қимыл аппаратының созылуларды қоса, шығуларды және жұмсақ тіндердің басқа да зақымдануларын қысқа мерзімдік емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - салицилаттарға, ибупрофенге, аспиринге немесе басқа ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық (демікпе симптомдарын, ринитті, ангионевроздық ісінуді немесе есекжемді қоса) - асқазан-ішектік қан кету (мелена, қан құсу), мұның алдында ҚҚСД қолданудан туындаған тесілу, немесе анамнезде ауыр гастриттің болуы - белсенді немесе анамнезінде бар қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (ойық жара немесе қан кетулер екендігі дәлелденген өте айқын екі немесе одан көбірек жағдайлар) - жүрек, бүйрек немесе бауыр функцияларының ауыр жеткіліксіздігі - коронарлы артерияларды шунттауға операция (CABG) жасау кезінде операция алдындағы ауыруды басу - жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге.
Дозасы
Жағымсыз әсерлері бір-екі күн тиімді ең төмен дозаны пайдалану арқылы ең төменге жеткізілуі мүмкін, содан кейін емдеуді пероральді түрде жалғастыру керек. Жедел подаградан және операциядан кейінгі ауырудан басқасында, барлық көрсетілімдер бойынша, күннің белгілі бір уақытында тәулігіне 1 рет 20 мг енгізу керек. Айқын ауыру синдромында, операциядан кейінгі кезеңде, дозаны 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады. Подагралық артриттің жедел ұстамаларында: алғашқы 2-3 күн бойы тәулігіне 2 рет 20 мг, содан кейін 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 20 мг. Созылмалы ауруларды емдегенде демеуші доза тәулігіне 10 мг құрайды. Созылмалы ауруларда 20 мг-ден жоғары тәуліктік дозаны қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл тиімділігінің елеулі жоғарылауынсыз жағымсыз реакциялардың жиілігін және қарқындылығын арттырады. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған. Құтыдағы лиофилизатты дәрілік затпен бірге салынған инъекцияға арналған 2 мл стерильді суда еріту керек. Дайындалған ерітіндіні бірден бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) болюсті түрде енгізу керек. Шөгінді түзілуі мүмкін болғандықтан, оны инфузия жолымен пайдалануға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Теноксикам-Сэлтфар® препараты балаларға және жасөспірімдерге, пациенттердің осы тобында оны қолдану туралы деректердің жеткіліксіз болуына байланысты, қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер, қатар жүретін патологиясының (бауыр, бүйрек функцияларының немесе жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы) болуымен және басқа дәрілік заттарды тиісінше қабылдауымен байланысты, күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болуының жоғары қаупіне ұшырайды. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолдану қажет болғанда ең жоғары қысқа уақыт кезеңі ішінде тиімді ең төмен дозаны қабылдауы керек. Асқазан-ішектік қан кету симптомдарын ерте анықтау мақсатында пациенттерді бақылауды жүзеге асыру қажет, өйткені егде жастағы адамдарда өлімге әкеп соғуы мүмкін ойық жаралардың немесе тесілулердің пайда болуының жоғары қаупі бар. Бұл пациенттерде қорғағыш заттармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды насос тежегіштерімен) қосымша біріктірілген емді бастау керек. Сондай-ақ қорғағыш заттармен қосымша біріктірілген емді салицилаттардың немесе асқазан-ішектік қан кетулер қаупін арттыруы мүмкін басқа препараттардың төмен дозаларын қатар қолдануды қажет ететін пациенттерге де тағайындау керек. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалануы жөнінде жоғарыда берілген нұсқаулар бауыр функциясы бұзылған пациенттерге де қолдануға келеді. Дегенмен, бауыр ауруы бар пациенттерге қолданғанда Теноксикам-Сэлтфар® препараты бауыр көрсеткіштерінің мұқият бақылануы үшін ұсынылады. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты пайдаланбау керек. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалануы жөнінде жоғарыда берілген нұсқауларды сондай-ақ бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі минутына 25 мл-ден жоғары) пациенттерге де қолдануға болады. Дегенмен, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда Теноксикам-Сэлтфар® препараты бүйрек функциясы мұқият бақылануы үшін ұсынылады. Препаратты бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге пайдаланбау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.