+43 бонус

ТЕМПАЛГИН 500 мг №10 таб

875 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия в комбинации с психолептиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Софарма АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат - натрий метамизолы моногидраты (100% түрінде) 500 мг. қосымша заттар: бидай крахмалы, микрокристалды целлюлоза (101 типі), повидон К 25, тальк, магний стеараты.
Қолданылуы
- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын басу үшін - басқа терапияға резистентті қызба синдромында.
Қарсы көрсетілімдер
- егер Сізде әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық болса - егер Сізде басқа пиразолондарға (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидиндерге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) аса жоғары сезімталдық болса, оның ішінде осы препараттардың бірін енгізгеннен кейін пайда болған терінің ауыр реакциялары болса. - егер Сізде салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауырсынуды басатындарға, бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялар (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) дамитын болса. - егер Сізде жедел мезгіл-мезгіл бауыр порфириясы болса (порфирия ұстамаларының пайда болу қаупі). - егер Сізде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (гемолиз қаупі) болса. - егер Сізде гипотония немесе тұрақсыз гемодинамика болса. - жүтіліктің Ⅲ триместрі. - егер Сізде бұрын метамизол немесе пиразолон немесе пиразолидин деп аталатын ұқсас дәрілік препараттар тудырған, гранулоциттер деп аталатын ақ қан жасушалары түрінің саны едәуір төмендеген болса. - егер Сізде сүйек кемігінде проблемалар болса немесе қан жасушаларының пайда болу немесе функциясына әсер ететін ауруыңыз болса.
Дозасы
Доза ауырудың қарқындылығына немесе температураның жоғарылау дәрежесіне және метамизолға жекелей сезімталдығына байланысты. Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер (салмағы > 53 кг) Ересектер және 15 жастағы немесе одан асқан жасөспірімдер (салмағы 53 кг көп) бір реттік доза түрінде метамизолдың 1000 мг дейін (2 таблетка) қабылдай алады, оны 6-8 сағаттық аралықпен күніне 4 ретке дейін қабылдауға болады. 4000 мг (8 таблеткаға сәйкес келеді) ең жоғары тәуліктік доза болып табылады. Айқын әсерін пероральді қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан кейін күтуге болады. 15 жасқа дейінгі балалар Темпалгин® М 500 мг 15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Бұл дәрілік препараттың басқа түрлері мен дозасы кіші жастағы балалар үшін қолжетімді; дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу ұсынылады. Егде жастағы адамдар және жалпы денсаулық жағдайы нашар / бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Егде жастағы адамдарда, әлсіз пациенттерде және бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде доза азайтылуы тиіс, себебі метамизолдың ыдырау өнімдерінің шығарылуы баяулауы мүмкін. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде шығарылу жылдамдығы төмендейтіндіктен, қайталайтын жоғары дозалардан аулақ болған жөн. Қысқа мерзімді қолдану кезінде ғана дозаны төмендетудің қажеті жоқ. Ұзақ уақыт бойы қабылдаудың ешқандай тәжірибесі жоқ. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.