ТЕЛСАРТАН А 80 мг+5 мг №28 таб

3060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амлодипин и телмисартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИНДИЯ
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: телмисартан 40 мг немесе 80 мг, - 6.935 амлодипин бесилаты 5 мг амлодипинге баламалы немесе 13,870 мг амлодипин бесилаты 10 мг амлодипинге баламалы. қосымша заттар: меглюмин, натрий гидроксиді, повидон (PVPK-30), полисорбат 80, маннитол, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы
Қолданылуы
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу Телсартан® А - 80мг/10 мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40 мг/10 мг немесе Телмисартан + Амлодипин 80 мг/5 мг препараттарын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады. Телсартан® А, 80мг/5 мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады. Телсартан® А 40мг/10 мг, мұны телмисартан + амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады. Телсартан® А 40мг/5 мг, мұны 5 мг бір амлодипинді қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады. Жекелеген дозаларды компоненттермен титрлеу (мысалы, амлодипин және телмисартан) бекітілген дозалар біріктіріліміне дейін өзгертер алдында ұсынылады. Егер бұл клиникалық негізделген болса, монотерапиядан бекітілген дозалар біріктірілімімен емдеуге тікелей өзгерісті қарастыруға болады. Амлодипин 10 мг ем қабылдап жүрген, оларда ісіну сияқты, дозаны шектейтін қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болған пациенттер күніне бір рет Телсартан® А 40 мг/5 мг ауыстырылуы мүмкін. Орын басатын ем Жеке таблеткаларда телмисартан мен амлодипин қабылдайтын пациенттер оның орнына күніне бір рет бір таблеткада бірдей дозалары бар Телсартан® А препаратының таблеткаларын қолдана алады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (> 65 жас): дозаны түзетуді қажет етпейді. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек функциясының жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар немесе гемодиализ қабылдап жүрген пациенттер үшін қолдану тәжірибесі шектеулі және Телмисартан+Амлодипин біріктірілімін сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені амлодипин мен телмисартан гемодиализ кезінде шығарылмайды. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: пациенттердің осы тобы үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затына және қосымша заттардың кез келгеніне немесе дигидропиридин туындыларына аса жоғары сезімталдық өт жолдарының обструкциялық аурулары бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылулары кардиогенді шок солжақ қарыншаның обструкциялық қолқа стенозы (мысалы, қолқа стенозының жоғары дәрежесі) жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек қызметінің гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерге құрамында телмисартан + амлодипин және алискирен бар препараттарды бірге қолдану сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлері, бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересек пациенттер: Телсартан®А препаратын күніне бір рет қабылдайды. Телмисартан препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 80 мг және амлодипин 10 мг. Препарат ұзақ емдеу курсына арналған. Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қабылдау ұсынылмайды, өйткені қан қысымының төмендеу әсерінің артуына әкелетін кейбір пациенттерде биожетімділігі жоғарылауы мүмкін. Қосымша терапия: телмисартанмен немесе амлодипинмен аз дозаларда емдеу артериялық қысымның тиісінше бақылануына әкелмейтін пациенттерге Телсартан® А препаратының 80 мг/5 мг және 80 мг/10 мг дозалары қолданылады. Бекітілген дозалар біріктіріліміне ауысар алдында амлодипин және телмисартан препараты компоненттерінің дозаларын жекелей таңдау ұсынылады. Клиникалық мақсатқа сай болған жағдайда монотерапиядан бекітілген дозалар біріктіріліміне тікелей ауыстыру қарастырылуы мүмкін. Амлодипиннің 10 мг дозасын қабылдап жүрген, кез келген дозасын қабылдағанда препаратты қабылдауды шектейтін жағымсыз реакциялар (мысалы, ісінулер) білінетін пациенттер күніне 1 рет 80 мг/5 мг дозада Телсартан А препаратын қабылдауға көшуі мүмкін, бұл амлодипин дозасын азайтуға мүмкіндік береді, бірақ гипертензияға қарсы жалпы күтілетін әсерді төмендетпейді. Орын басатын ем:жеке таблеткалар түрінде телмисартан мен амлодипин қабылдайтын пациенттер компоненттердің бірдей дозалары бар Телсартан® А препаратын қабылдауға ауыса алады және ыңғайлы болу және терапия режимін сақтау үшін күніне бір рет бір таблеткадан қабылдай алады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (> 65 жас): дозаны өзгертуді қажет етпейді. Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде препарат дозасын өзгерту қажет болмайды. Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы бар пациенттерде немесе гемодиализде жүрген пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Телмисартан/амлодипин препаратын мұндай пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені амлодипин мен телмисартан диализденбейді. Бауыр функциясының бұзылуы: Телсартан®А препаратын бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының әлсізден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуы бар пациенттер Телсартан® А препаратын сақтықпен қабылдағаны жөн. Телмистартанның дозасы күніне бір рет 40 мг-ден аспауы тиіс. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: Телсартан® А препаратын, қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтануға байланыссыз, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішке қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.