+104 бонус

ТЕЛСАРТАН 40 мг №30 таб

2080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Телмисартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - сәйкесінше 40 немесе 80 мг телмисартан, қосымша заттар: меглумин, натрий гидроксиді, повидон (PVP К - 30), полисорбат 80, маннитол, магний стеараты, су
Қолданылуы
Артериялық гипертензия ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының профилактикасы Ересектердегі жүрек-қантамыр патологиясының төмендеуі: атеротромбоздық сипаттағы жүрек-қантамыр жүйесінің айқын ауруымен (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе анамнезінде шеткері артериялар ауруы); немесе нысана-ағзалардың расталған зақымдануымен 2 типті қант диабетімен.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық өт жолдарының обструктивті аурулары бауырдың ауыр жеткіліксіздігі қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде телмисартанды алискиренмен бірге қабылдау (ШСЖ < 60 мл/мин / 1,73 м2) сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Дозасы
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу Ересектерге ұсынылатын доза күніне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттер 20 мг тәуліктік дозада гипотензивтік әсер алуы мүмкін. Қажетті АҚ қол жеткізілмеген жағдайларда Телсартан® препаратының дозасы күніне бір рет ең жоғары 80 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Дозаны арттырған кезде гипертензияға қарсы максималды әсерге әдетте емдеу басталғаннан кейін төрт-сегіз апта ішінде қол жеткізілетінін ескеру қажет. Телсартан® препаратын тиазидті диуретиктермен, мысалы, гидрохлоротиазидпен біріктіріп пайдалануға болады, ол телмисартанмен бірге қосымша гипотензивті әсер көрсетеді. Артериялық гипертензияның ауыр дәрежесі бар пациенттерде тәулігіне 160 мг телмисартан дозасы (Телсартан® препаратының 80 мг екі таблеткасы) және тәулігіне 12,5-25 мг гидрохлоротиазидпен біріктіргенде жақсы көтерімді және тиімді болды. Жүрек-қантамыр аурулары мен өлімнің алдын алу Ұсынылатын доза күніне бір рет 80 мг құрайды. 80 мг-нан төмен дозалар жүрек-қантамыр аурулары мен өлімді төмендетуде тиімді екендігі анықталмаған. Жүрек-қантамыр аурулары мен өлімнің алдын алу үшін Телсартан® препаратын қолданудың бастапқы кезеңінде артериялық қысымды (АҚ) бақылау ұсынылады, сондай-ақ АҚ төмендететін дәрілік заттармен АҚ түзету қажет болуы мүмкін. Телсартан® препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Телсартанның қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Гемодиализдегі пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Күрделі бүйрек жеткіліксіздігі және гемодиализі бар пациенттерді емдеудің шектеулі тәжірибесі бар. Мұндай пациенттер үшін 20 мг төмен дозадан бастау ұсынылады. Телсартан® гемофильтрация кезінде қаннан шығарылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Телмисартан таблеткалары күнделікті пероральді қабылдауға арналған және тамақтануға қарамастан сұйықтықпен қабылданады. Дәрілік препаратты пайдаланар немесе қолданар алдында сақтық шараларын ұстану қажет. Телмисартанды таблеткалардың гигроскопиялық қасиеттеріне байланысты баспаланған блистерде сақтау қажет. Таблеткаларды қабылдар алдында тікелей блистерден алу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.