+162 бонус

ТЕЛМИСТА Н 80 /12,5 №28 таб

3250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Телмисартан и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: СЛОВЕНИЯ
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
Қолданылуы
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде. Телмиста® H препаратының 40 мг/12,5 мг және 80 мг/12,5 мг таблеткалардағы біріктірілген бекітілген дозасын қолдану артериялық қысымы телмисартан монотерапиясымен тиісті түрде бақыланбайтын ересек пациенттерге көрсетілген. Телмиста® H препаратының 80 мг/25 мг таблеткаларын біріктірілген бекітілген дозасын қолдану артериялық қысымы 40 мг телмисартан/12,5 мг гидрохлоротиазид және 80 мг телмисартан/12,5 мг гидрохлоротиазид дозасында тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерге немесе артериялық қысымы телмисартанмен және гидрохлоротиазидпен монотерапияда бұрын тұрақтанған пациенттерге көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - құрамында сульфонамид бар басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық (гидрохлорoтиазид құрамында сульфонамид бар дәрілік зат болып табылады)
Дозасы
Телмиста® H препаратын телмисартанмен монотерапияда артериялық қысымы тиісті үлгіде бақыланбайтын пациенттерде қолдану керек. Бекітілген доза біріктіріліміне ауысар алдында екі компоненттің әрқайсысының дозасын жеке титрлеу ұсынылады. Клиникалық сәйкестікте монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей ауысуды қарастыруға болады. Телмиста® H, 40 мг/12,5 мг таблеткаларын артериялық қысымы 40 мг телмисартан монотерапиясымен тиісті үлгіде бақыланбайтын пациенттерге күніне бір рет қабылдауға болады. Телмиста® H, 80 мг/12,5 мг таблеткаларын артериялық қысымы 80 мг телмисартан монотерапиясымен тиісті үлгіде бақыланбайтын пациенттерге күніне бір рет қабылдауға болады. Телмиста® H, 80 мг/25 мг таблеткаларын артериялық қысымы 80 мг/12,5 мг дозаларын қолданғанда тиісті үлгіде бақыланбайтын пациенттерге немесе артериялық қысымы бұрын телмисартанмен және гидрохлоротиазидпен монотерапияда тұрақтандырылған пациенттерге күніне бір рет қабылдауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткiлiксiздігi бар пациенттер Бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстарын анықтамаған жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі аз, сондықтан дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясын мезгіл мезгіл бақылап отыру ұсынылады. Гидрохлоротиазидтің болуына байланысты біріктірілген бекітілген дозалары ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімде (креатинин клиренсі < 30 мл / мин). Телмисартан қаннан гемофильтрация жолымен шығарылмайды және диализбен шығарылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Телмиста® Н бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы керек. Телмисартанның дозасы тәулігіне бір рет 40 мг аспауы тиіс. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге белгіленген дозалармен біріктіруге болмайды. Тиазидтер бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Телмиста® Н таблеткаларын күніне бір рет, тұтастай жұтып, аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдайды. Телмиста® Н тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.