+99 бонус

ТЕЛМИСТА 40 мг №28 табл

1980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Телмисартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: СЛОВЕНИЯ
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Таблеткалар 40 мг: бір таблетканың құрамында белсенді зат– телмисартан 40 мг Таблеткалар 80 мг: бір таблетканың құрамында белсенді зат– телмисартан 80 мг қосымша заттар: меглумин, натрий гидроксиді, повидон, лактоза моногидраты, сорбитол, магний стеараты
Қолданылуы
Артериялық гипертензия Ересектерде эссенциалды артериялық гипертензияны емдеу. Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы Жүрек-қантамырлар аурушаңдығын мынадай: - айқын атеротромбоздық жүрек-қантамыр ауруларымен (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе анамнезіндегі шеткері артериялар аурулары) немесе - зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған нысана-ағзалары зақымданған 2 типті қант диабетімен ересектерде төмендету.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - өт жолдарының обструктивті аурулары - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде алискиренмен бірге қабылдау Егер Сізде жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгені орын алса, онда Телмиста® қолданар алдында бұл туралы дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Дозасы
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу Ересектер үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттерде тәуліктік 20 мг доза тиімді болуы мүмкін. Қажетті АҚ қол жетпеген жағдайда Телмиста® препаратының дозасы күніне бір рет ең жоғары 80 мг дозасына дейін арттырылуы мүмкін. Телмисартанды тиазидтік диуретиктермен, мысалы, гидрохлоротиазидпен біріктірілімде пайдалануға болады, ол телмисартанмен біріктірілімде қосымша гипотензиялық әсер береді. Дозаны ұлғайтқанда әдетте ең жоғары гипертензияға қарсы әсеріне ем басталғаннан кейін төрт-сегіз апта ішінде жететінін ескеру керек. Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Жүрек-қантамыр ауруларын төмендетуде телмисартиннің 80 мг аздау дозасы тиімді болып табылатындығы белгісіз. Жүрек-қантамырлар ауруларын азайту үшін телмисартанмен емдеудің бастапқы кезінде артериялық қысымға мұқият бақылау ұсынылады, және қажет болғанда артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе гемодиализдегі пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Мұндай пациенттерге 20 мг төмен бастапқы дозаны тағайындау ұсынылады. Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Телмиста® бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге қарсы көрсетілген. Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне бір рет 40 мг аспауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.