ТЕКСАРЕД 20 мг №10 таб

1240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 20 мг теноксикам, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, тальк, магний стеараты, Қабықтың құрамы: гидрокспропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400, темірдің сары тотығы (Е 171)
Қолданылуы
- остеоартрит және ревматоидты артрит кезіндегі ауыру мен қабынуды жеңілдету - созылуларды, шығып кетулерді және жұмсақ тіндердің басқа зақымдануларын қоса, тірек-қимыл аппаратының жедел ауруларын қысқа мерзімді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП аса жоғары сезімталдық - салицилаттарға, ибупрофенге, аспиринге немесе басқа ҚҚСД жоғары сезімталдық (демікпе симптомдарын, ринитті, ангионевроздық ісінуді немесе есекжемді қоса) - белсенді немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің дәлелденген екі немесе одан да көп айқын жағдайы) асқазан-ішектен қан кету (мелена, қан құсу), ҚҚСД алдыңғы қолданудан туындаған тесілу, немесе анамнездегі ауыр гастрит бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары қант диабеті артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, ісінулер жүктіліктің үшінші триместрі тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты бір уақытта тәулігіне 1 рет 20 мг дозада тағайындайды. Неғұрлым жоғары дозаларды тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені клиникалық елеулі әсерге қол жеткізу байқалмайды, сонымен бірге жағымсыз реакциялардың даму қаупі артады. Әдетте препаратты 7 күннен артық қабылдамайды, бірақ ауыр жағдайларда ең көбі 14 күнге дейін қолдануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Тексаред® балаларға қолдануды ұсыну үшін деректер жеткіліксіз. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдар жағымсыз реакциялардың күрделі салдарының жоғары қаупіне бейім. Егер ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препарат) қолдану қажет деп саналса, ең төмен тиімді дозаны және мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде пайдалану керек. Пациентті ҚҚСП қолданумен емдеу кезінде АІЖ қан кету мәніне тұрақты бақылау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.