+17 бонус

ТАУРИН-DF 4% 10 мл гл. капли

350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Офтальмологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – таурин 0,04 г, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиясында - катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге
Дозасы
Препаратты ересектерге тағайындайды. Катаракта кезінде Таурин-DF зақымдалған көздің конъюнктивалық қапшығына күніне 2-4 рет 3 ай ішінде 2-3 тамшыдан инстилляция түрінде тағайындалады. Курстар бір айлық аралықпен қайталанады. Мөлдір қабықтың жарақаттарында және дистрофиялық аурулары кезінде жоғарыда көрсетілген дозада 1 ай бойы қолданылады. Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне жүгіну бойынша ұсынымдар Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу ұсынылады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса) Сирек: - Препаратты қолданғанда препарат компоненттеріне жеке аса жоғары сезімталдықтан туындаған аллергиялық конъюнктивит түрінде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: - көздің қышуы - конъюнктива гиперемиясы - көздің тітіркенуі (көздегі шаншу және ашыту). Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.