+165 бонус

ТАРДИФЕРОН 80 мг №30 табл

3300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Железа сульфат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Пьер Фабр Медикамент
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - темір 80.00 мг (темірдің (ІІ) сусыз сульфаты түрінде 247.25 мг) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, мальтодекстрин, эудрагит RS30D (дисперсиялық В типті аммоний метакрилаты сополимері), эудрагит RL30D (дисперсиялық А типті аммоний метакрилаты сополимері), триэтилцитрат, тальк, глицерол дибегенаты, қабықтың құрамы: Sepifilm LP010٭, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), триэтилцитрат. * Sepifilm LP010 құрамы: гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы.
Қолданылуы
Тардиферон® препараты ересектер мен 6 жастан асқан балаларға арналған. - темір тапшылықты анемияда терапиялық емдеу - жүктілік кезінде, темірдің тамақпен бірге тиісінше тұтынылуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, темір тапшылығының профилактикасы ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық - темірмен қанығу, әсіресе, талассемия, сезімтал емес анемия, аплазиялық анемия сияқты, темір мөлшері қалыпты немесе жоғары деңгейдегі анемиялар - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Тардиферон® ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолданылады. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: күніне 1 таблетка (80 мг темірдің баламасы). 10 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 1-2 таблетка (80-160 мг темірдің баламасы). Профилактикалық емдеу: жүкті әйелдерде жүктіліктің соңғы екі триместрі бойына (немесе төртінші айдан бастап) күніне немесе әр екі күн сайын 1 таблетка (80 мг темірдің баламасы). Енгізу әдісі мен жолы Енгізу тәсілі: пероральді Таблетканы бүтіндей, сумен ішіп жұту керек. Соруға, тістеуге болмайды, таблетканы ауыз қуысында ұзақ уақыт бойы ұстамау керек. Таблеткаларды асқазан-ішек жақпаушылығына сәйкес, дұрысы тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде (нақты бір өнімдер мен басқа дәрілік заттардан басқа) толық стақан сумен ішіп қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы ересектердегі анемияны түзету және темір қорларын қалпына кетіру үшін жеткілікті болуы тиіс. Темір тапшылықты анемия: темір қорының таусылу дәрежесіне байланысты 3 айдан 6 айға дейін, егер анемияның себебі бақылауға алынбаса, ұзағырақ болуы мүмкін. Емдеу тиімділігін бақылау 3 айлық емдеуден кейін ғана пайдалы: анемияны түзетуді (Hb, эритроциттер саны) және темір қорын қалпына келтіруді (сарысулық темір, сарысулық трансферриндік рецептор және трансферриннің темірмен қанығу коэффициенті) бақылау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.