+245 бонус

ТАРДИФЕРОН 20 мг/1 мл 90 мл

4910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Железа сульфат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Пьер Фабр Медикамент
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы: Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат -темір 20,00 мг (темір сульфаты гептагидраты түрінде 99,56 мг) қосымша заттар: сұйық сорбитол (Е420) (кристалданбайтын), апельсин хош иістендіргіші*, күкірт қышқылы, натрий пропионаты, натрий сахарині, тазартылған су * Апельсин хош иістендіргіш құрамы: ацетальдегид, октанал, нонанал, деканал, этилбутират, цитронеллал, су, цитрал, линалол, апельсин майы, пропиленгликоль (E1520) (60,0%).
Қолданылуы
2 жастан асқан балаларда және ересектерде темір тапшылығы анемиясын емдеу. Жүктілік кезінде темірдің тағаммен бірге тиісінше тұтынылуын қамтамасыз ету мүмкін болмағанда, темір тапшылығы анемиясы профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық. Темірмен қанықтыру, әсіресе темір мөлшері қалыпты немесе жоғары деңгейдегі анемияларда, мысалы, талассемия, рефрактерлі анемия, сүйек кемігінің жеткіліксіздігіне байланысты анемия. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге.
Дозасы
Төмендегі дозалау жөніндегі нұсқаулар элементтік темірдің дозасына сәйкес келеді. Ерітіндіні дәл дозалау үшін құтыға 10 мг-ден 100 мг дейін бөліктерге бөлінген пипетка-дозатор қоса беріледі. Темір тапшылықты анемияны емдеу Ересектер (жүкті әйелдерді қоса): тәулігіне 50-ден 100 мг дейін (доза пипетканың көмегімен тікелей өлшенеді). Балалар 2 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: 15 - тен 20 кг дейін: тәулігіне бір рет 30-40 мг (доза тікелей пипетканың көмегімен өлшенеді). 20-дан 35 кг дейін: тәулігіне бір рет 40-тан 50 мг дейін (доза тікелей пипетканың көмегімен өлшенеді). 10 жастан асқан балалар тәулігіне бір рет 50-ден 100 мг дейін (доза тікелей пипетканың көмегімен өлшенеді). Жүкті әйелдерде темір тапшылықты анемияның профилактикасы Тәулігіне бір рет 50 мг (доза тікелей пипетканың көмегімен өлшенеді).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.