+159 бонус

ТАНТУМ ВЕРДЕ 30 мл спрей д/горла Бензидамин

3180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензидамин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Азиенде Кимике Риуните Анжелини С.п.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат - 0,15 г бензидамин гидрохлориді, бұл 0,134 г бензидаминге баламалы; қосымша заттар: этанол (96%), глицерол, метилпарагидроксибензоат, жалбыз хош иістендіргіші, сахарин, натрий гидрокарбонаты, полисорбат 20, тазартылған су.
Қолданылуы
Тантум Верде® препараты ересектерге және 6 жастан асқан балаларға ауырсыну синдромымен қатар жүретін ауыз қуысы мен ЛОР-мүшелерінің қабыну ауруларын (мысалы, гингивит, стоматит және фарингит), соның ішінде консервативті стоматологиялық емшаралар немесе тіс экстракциясынан кейін симптоматикалық ем ретінде көрсетілімде.
Қарсы көрсетілімдер
- бензидаминге немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 4-8 бүркуден тәулігіне 2-6 рет. Балалар (6-12 жас): препаратты тек қана дәрігердің ұсынуымен және тағайындалған дозада қолдану керек (4 бүркуден тәулігіне 2-6 рет). Препараттың ұсынылған дозасын асырмау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Канюляны (ақ түсті түтік) «құтыға тігінен» қалпында бұраңыз 2. Канюляны аузыңызға салыңыз да, ауыз қуысы мен тамағыңыздағы қабынған жерлерге бағыттаңыз. Дозаланған помпаны құтының жоғарғы жағындағы дозалар тағайындалғанға дейін бірнеше рет басыңыз. Бір басу бір дозаға сәйкес келеді. Бүрку кезінде деміңізді ұстаңыз Назар аударыңыз: бірінші рет қолданар алдында бүріккішті іске қосу үшін қалпақшаны бірнеше рет басу қажет Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақтанғаннан кейін күніне 2-6 рет қолданыңыз (әр бүркумен 0,17 мл ерітінді бөлінеді). Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы дәрігермен кеңесусіз 7 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.