+179 бонус

ТАНСИФА 16мг/10мг №28 таб

3590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: кандесартан цилексетилі 16.000 мг және амлодипин бесилаты 6.945 мг және 13.890 мг (тиісінше амлодипинге 5.0 мг және 10.0 мг баламалы) қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза L (HPC-L), полиэтиленгликоль 6000, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, темірдің қызыл тотығы (Е172), магний стеараты, кальций фосфаты дигидраты (DI-CAFOS C-92-14), микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий крахмалы гликоляты.
Қолданылуы
ТАНСИФА®кандесартан немесе амлодипин монотерапиясымен қан қысымын тиісті түрде бақылай алмайтын, эссенциальді гипертензиясы бар ересек пациенттерге көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
кандесартан цилексетилге, амлодипинге немесе дигидропиридиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылуы және/немесе холестаз қант диабеті бар немесе бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы <60 мл / мин / 1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискрен бар препараттармен біріктіріп қолдану ауыр артериялық гипотензия шок болу жағдайында (кардиогендік шокты қоса) сол жақ қарынша ағын жолының тарылуы (мысалы, ауырлығы жоғары дәрежелі аорта стенозы) жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі жүктілік және бала емізу кезеңі тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Егер бұл клиникалық маңызды болса, емдеу монотерапиядан тікелей бекітілген дозалар біріктіріліміне ауыстырылуы мүмкін. Ыңғайлы болу үшін жеке таблеткаларда/капсулаларда амлодипинмен және кандесартанмен ем алатын пациенттер белсенді компоненттердің бірдей дозалары бар ТАНСИФА® препаратымен емге ауыстырылуы мүмкін. Емдік дозаны дәрігер анықтайды. Емдеу жауабына байланысты дәрігер жоғары немесе төменірек дозаны ұсына алады. Екі компоненттің әрқайсысының дозасын жеке титрлеу (мысалы, амлодипин және кандесартан) белгіленген дозаның біріктіріліміне өтпес бұрын ұсынылады. Клиникалық сәйкестікте монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей көшу қарастырылуы мүмкін. Амлодипиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 10 мг құрайды, ал кандесартан цилексетилдің ең жоғары тәуліктік дозасы 32 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препараттың бастапқы дозасын түзетудің қажеті жоқ. Егде жастағы пациенттер үшін стандартты дозалау режимдері ұсынылады, бірақ дозаны ұлғайтуды сақтықпен жүргізу керек. Артериялық қысым бақылануы тиіс. ТАНСИФА® препаратын 75 жастан асқан пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Бүйрек функциясының бұзылуы Креатинин клиренсі ≥30 мл/мин/1,73 м2 пациенттерде (дене беткейінің ауданы) кандесартан цилексетил дозасын ТАНСИФА® препаратымен емдеуге көшкенге дейін титрлеу керек (бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерде кандесартан цилексетилдің ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы 4 мг құрайды). Бұл титрлеу ТАНСИФА® препаратымен қол жеткізе алмайтындығына байланысты оны бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл / мин/1,73 м2BSA) қолданбайды. Қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесіне байланысты емес, сондықтан қалыпты доза ұсынылады. Амлодипин диализбен шығарылмайды. Артериялық қан қысымын өз бетінше кандесартан немесе амлодипин көмегімен бақылай алмайтын пациенттерде бақыланатын монотерапия белгіленген дозамен біріктірілімге ауыстырылуы мүмкін. ТАНСИФА® препаратының дозасын дәрігер анықтайды. Емдеуге байланысты дәрігер жоғары немесе төмен дозаларды ұсына алады. Бауыр функциясының бұзылуы Қандесартанның 4 мг бастапқы дозасы тәулігіне бір рет бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерге ұсынылады. Бұл дозаға ТАНСИФА® препаратымен қол жеткізу мүмкін еместігіне байланысты бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде пайдаланылмауы тиіс. Амлодипинді дозалау бойынша ұсынымдар бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде белгіленбеген, сондықтан дозаны таңдауда абай болуы тиіс және дозалау диапазонының төменгі шекарасынан басталуы тиіс. Амлодипиннің фармакокинетикасы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде зерттелмеген. Балалар жасындағы пациенттер Туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларда ТАНСИФА® препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі белгіленбеген. Интраваскулярлы көлемнің сарқылуы бар пациенттер Интраваскулярлық сұйықтықты жоғалтқан пациенттерде (гипотония қаупі бар пациенттерде) кандесартанның бастапқы дозасы 4 мг ұсынылады. Бұл дозаға ТАНСИФА® препаратымен қол жеткізу мүмкін емес болғандықтан, ол интраваскулярлық көлемнің сарқылуы бар пациенттерде пайдаланылмауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. ТАНСИФА® препаратын тамақ ішуге қарамастан тәулігіне бір рет қабылдау керек. ТАНСИФА® препаратының биожетімділігі тамақ ішуге байланысты емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.