+178 бонус

ТАНЕЛЕБ 5 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3575 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Небиволол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГРУЗИЯ
  • Өндіруші: Welfar International LLC
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5.45 мг небиволол гидрохлориді (5.00 мг небивололға баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон А типі, полоксамер 188, повидон K-30, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Қолданылуы
Артериялық гипертензия - эссенциялық артериялық гипертензияны емдеу Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) - ≥ 70 жастағы егде пациенттерде стандартты емдеу әдістеріне толықтыру ретінде ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы - жүректің жедел жеткіліксіздігі, кардиогенді шок немесе инотропты әсері бар препараттарды вена ішіне енгізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңдері - «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері» бөлімінде сипатталған біріктірілімдер - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге - 18 жасқа дейінгі балалар Бұдан бөлек, басқа да -адреноблокаторлар сияқты, небиволол қарсы көрсетілімді: - синоатриальді блокаданы қоса, синустық түйін әлсіздігі синдромында (sick-sinus-syndrom) - II және III дәрежедегі АВ-блокадасында (кардиостимуляторсыз) - анамнездегі бронх түйілуі мен бронх демікпесінде - емделмеген феохромоцитомада - метаболизмдік ацидозда - брадикардияда (емдеу басталуына дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60-тан төмен) - артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм сын. бағ. аз) - шеткері қан айналымының ауыр бұзылуларында.
Дозасы
Артериялық гипертензия Доза тәулігіне 1 таблетка (5 мг небиволол) құрайды; оны үнемі тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдаған дұрыс. Гипотензиялық әсері 1-2 апта емделуден кейін көрініс береді. Кейде оңтайлы әсеріне 4 апта өткен соң ғана жетеді. Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілім: -адренорецепторлар блокаторларын монотерапия үшін де, басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде де қолдануға болады. Бүгінгі таңда қосымша гипотензиялық әсері тек 5 мг небивололды 12.5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімде ғана байқалды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қатысты шектеулі ғана деректер саны бар. Сол себепті препаратты осындай пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Алайда, препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз екенін ескеріп, ол осы пациенттерге тағайындалғанда сақ болу және мұқият бақылау талап етіледі. Балалар және жасөспірімдер Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде небивололды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Сол себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу жеке оңтайлы демеуші дозаға жетуге дейін дозаны біртіндеп арттырудан басталуы тиіс. Осындай пациенттерге препарат, егер оларда соңғы 6 апта ішінде оның жедел декомпенсация көріністерінсіз жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі орын алған жағдайда, тағайындалады. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуі тиіс. Диуретиктер және/немесе дигоксин және/немесе АӨФ тежегіштері және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қоса, басқа жүрек-қантамыр препараттарын қабылдап жүрген пациенттерде препаратпен емдеуді бастар алдында осы дәрі-дәрмектердің соңғы 2 апта ішінде таңдалған дозасы тұрақты болуы тиіс. Дозаны бастапқы арттыру осы бірден екі аптаға дейінгі аралықты сақтай отырып және пациентке осы дозаның жағымдылығын бағдарға алып, келесі сызба бойынша жүзеге асу керек: тәулігіне бір рет 1.25 мг небивололды тәулігіне бір рет 2.5 мг дейін, одан соң - тәулігіне бір рет 5 мг дейін, ал артынан тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Ең жоғары ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг небивололды құрайды. Емдеудің басында және дозаны әрбір арттыру кезінде пациент клиникалық жағдайдың тұрақты күйде қалғанына (әсіресе, артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі, өткізгіштік бұзылуы, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің ауырлап кету симптомдары тұрғысынан) көз жеткізу үшін, кем дегенде, 2 сағат тәжірибелі дәрігердің қадағалауында болуы тиіс. Жағымсыз реакциялардың пайда болуы пациенттердің бәрін бірдей ұсынылған ең жоғары дозалармен емдеу мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін. Қажет болса, қол жеткізілген дозаны сатылы түрде қайта азайтуға немесе тиісінше оған қайта оралуға болады. Жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде немесе титрлеу фазасындағы препараттың жақпаушылығында, небиволол дозасын басында төмендетуге немесе қажет болса (ауыр гипотензия пайда болса, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде, кардиогенді шок, симптоматикалық брадикардия немесе АВ-блокада дамуында), оны дереу тоқтатуға кеңес беріледі. Әдетте, жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін небивололмен емдеу ұзақ мерзімді болады. Бұл жүрек жеткіліксіздігінің уақытша өршуіне әкелуі мүмкін екендіктен, небивололмен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды. Егер препаратты тоқтату қажет болса, дозаны бір апта аралықпен екі есе азайта отырып, оны сатылы төмендету керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны ең жоғары жағымды дозаға дейін титрлеу жеке жүргізілетіндіктен, оны ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бүйрек жеткіліксіздігі кезінде түзету қажет емес. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (сарысу креатинині ≥ 250 мкмоль/л) пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы пациенттерде небивололды қолдану ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға қатысты шектеулі ғана деректер бар. Сол себепті осындай пациенттерде небиволол қолдану қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Дозаны ең жоғары жағымды дозаға дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны түзету қажет емес. Балалар және жасөспірімдер Небивололды балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Сол себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды ас ішумен бірге қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.