+269 бонус

Танафил-10 10 мг №4 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
5390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - тадалафил 10,00 мг және 20,00 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, 2-пропанол*, дихлорметан*, микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий лаурилсульфаты, магний стеараты қабығы: Опадри® сары 03F520550# (10 мг доза үшін), Опадри® көгілдір 03F505180## (20 мг доза үшін), 2-пропанол*, дихлорметан* # Құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/макрогол, индигокармин негізіндегі алюминий лагы (Е132) ## Құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (E171), полиэтиленгликоль/макрогол, темірдің сары тотығы (E172) * дайын өнімде болмайды
Қолданылуы
ер жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеу. Эректильді дисфункцияны емдегенде тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет. Препарат әйел адамдарға қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдау; сексуалдық белсенділік ұсынылмайтын, жүрек-қантамырлар ауруларына шалдыққан ер адамдарға. Дәрігерлер осындай аурулары бар пациенттерде сексуалдық белсенділік кезінде жүрек-қантамырлар асқынуларының ықтимал қауіптерін ескеруі керек; тадалафил қабылдау жүрек-қантамырлары аурулары бар пациенттердің келесі тобына қарсы көрсетілім болып табылады: - соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктімен ауырған пациенттер, - тұрақсыз стенокардиясы бар болған немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болған пациенттер, соңғы 6 ай ішінде Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша, жүрек функциясының ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі анықталған пациенттер, - жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотензиясы (АҚ ˂90/50 мм с.б.) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде инсультті бастан кешкен пациенттер; бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты екендігіне-еместігіне тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (NAION) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге қолдануға болмайды; тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдауға болмайды, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына потенциалды түрде әкеп соғуы мүмкін.
Дозасы
Ересек еркектер Болжамды сексуалдық белсенділік алдындағы әдеттегі ұсынылатын доза, тамақ ішуге қарамай, 10 мг құрайды. Егер 10 мг тадалафил қабылдау қажетті реакция бермесе, онда дозасы 20 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Препаратты болжамды сексуалдық белсенділіктен ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Препаратты ұсынылған дозада қабылдаудың ең жоғары жиілігі – тәулігіне бір рет. Тадалафил 10 мг дозада болжамды сексуалдық белсенділік алдында қабылдауға арналған және үздіксіз күн сайын қолдануға ұсынылмаған. Препаратты жиі (яғни аптасына екі реттен жиі емес) қабылдау күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің таңдауына сәйкес, тәулігіне өте аз дозада бір реттік жиілікпен қабылдаудың қолайлы сызбасы құрастырылуы мүмкін. Мұндай пациенттер үшін тәулігіне шамамен белгілі бір уақытта бір рет 5 мг доза ұсынылады. Препаратты күнделікті қабылдауды жалғастырудың орындылығына тұрақты бағалау жүргізу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы еркектер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар еркектер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын препараттың ең жоғары дозасы 10 мг құрайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тадалафилді күнделікті қабылдау ұсынылмайды. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар еркектер Эректильді дисфункцияны емдеу үшін препараттың ұсынылатын дозасы, тамақ ішуге қарамай, болжамды сексуалдық белсенділік алдында 10 мг құрайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректер шектеулі. Осы препаратты тағайындаған жағдайда, дәрігер оның пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият жекелей бағалауға сүйене отырып тағайындауы тиіс. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде тадалафилді 10 мг-ден асатын дозаларда қабылдау жөнінде деректер жоқ. Диабеттен зардап шегіп жүрген еркектер Қант диабетімен ауыратын пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Балалар Препарат балалардағы эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылмайды. Енгізу әдісі және жолы Препарат пероральді қолданылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 10 мг және 20 мг дозадағы Тадалафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қолдануға арналған және күнделікті үздіксіз қолдануға ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.