+126 бонус

ТАМЕКРАЗ 3 мг/1 мг/г 5 г гл мазь

2535 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противоинфекционными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Разград АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм жақпамайдың құрамында белсенді заттар: тобрамицин сульфаты (тобрамицинге баламалы) 3,0 мг, дексаметазон 1,0 мг, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин
Қолданылуы
Көздің бактериялық инфекциясымен немесе тобрамицинге сезімтал және кортикостероидтармен емдеу көрсетілген көптеген басқа антибиотиктерге төзімді көздің бактериялық инфекциясының даму қаупімен қатар жүретін ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы көздің қабыну аурулары: көздің алдыңғы сегментінің қабыну жағдайлары көздің алдыңғы сегментінің созылмалы увеиттері мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен немесе термиялық күйіктермен, сондай-ақ бөгде заттардың енуі нәтижесінде зақымдануы (қарсы көрсеткіштерді ескере отырып). Құрамында кортикостероидтар бар офтальмологиялық жақпамай тек офтальмологиялық тексеруден кейін тағайындалуы керек. Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - аминогликозидтерге аса жоғары сезімталдық - белдемелі теміреткі вирусымен шақырылған ауруларды қоспағанда, шешекке, желшешекке және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық ауруларына қарсы вакцинация - көз құрылымдарының зеңдік аурулары немесе көздің емделмеген паразиттік инвазиялары - көздің микобактериялық инфекциялары - мөлдір қабықтан бөгде затты асқындырмай алып тастағаннан кейін қолдану - мөлдір қабықтың беткейлік эпителийімен шектелген инфекциялар немесе зақымданулар - эпителиальді герпестік кератит
Дозасы
Офтальмологиялық жақпамай түріндегі кортикостероидтар көзді тексергеннен кейін ғана тағайындалуы тиіс. Зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына ұзындығы шамамен 1,0-1,5 см жақпамайдың жолағын күніне 3-4 рет жағу керек. Жақпамай мен тамшыларды қолдануды біріктіруге болады: тамшылар – күні бойы, жақпамай – кешке ұйықтар алдында. Көзге арналған басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде оларды қолдану арасында ең аз 5 минуттық аралықты сақтау қажет. Көзге арналған жақпамай соңғы кезекте қолданылады. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Балалар: Тамекраз көзге арналған жақпамайын 2 жастан асқан балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады. Құрамында тобрамицин+дексаметазон бар, көзге арналған жақпамайын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі 2 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде көзге арналған жақпамайының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көзге арналған жақпамайының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Тек көзге қолдану керек. Басыңызды артқа шалқайтыңыз. Саусағыңызды төменгі қабақтың астына қойып, оны төменгі қабақ пен көздің арасында V-тәрізді ойық пайда болғанша ақырын тартыңыз. V-тәрізді ойыққа аз мөлшерде Тамекраз жақпамайын салыңыз. Жақпамайды жағып болған соң қабақты ақырын жауып, мұрын-көзжас окклюзиясын сақтап қойған жөн. Бұл әдіс жергілікті енгізілетін дәрілік заттардың жүйелі түрде абсорбциялануын азайтуға, осылайша, жүйелі жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді. Сықпаның ұштығы мен жақпамайдың ластануын болдырмау үшін абай болу керек. Сықпаның ұшын көзге, қабаққа, қоршаған тіндерге немесе басқа беткейлерге тигізбеңіз. Көзді жаппас бұрын бірнеше секунд төмен қараңыз. Жақпамай қолданбаған кезде сықпаны мықтап жабылған күйде ұстаңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылмайды. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігеріңіз анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.