+264 бонус

ТАЛЛИТОН 25 мг №28 таб

5290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Карведилол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 6,25 мг, 12,5 мг, 25 мг карведилол қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон, сахароза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон К-25, магний стеараты, хинолинді сары (Е104) (6,25 мг таблеткалар), «Күн батар түстес» сары (Е110) (12,5 мг таблеткалар)
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда Артериялық гипертензияны монотерапия ретінде немесе біріктірілген ем құрамында емдеу. - жүрек функциясының клиникалық айқын білінетін созылмалы жеткіліксіздігінде (NYHA II-IV) біріктірілген ем құрамында:  қарсы көрсетілімдері жоқ  пациенттерде шығу тегі ишемиялық немесе ишемиялық емес болуына байланыссыз жүрек функциясының тұрақты жеңіл, орташа немесе ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің стандартты емімен біріктіріп (жүрек гликозидтерімен немесе онсыз АӨФ тежегіштері, диуретиктер) емдеу үшін. Жүрек функциясы жеткіліксіздігін стандартты емдеуге арналған препараттармен біріктіру аурудың үдеуін баяулатады және, осылайша, ауыруды да (жүрек-қантамыр ауруларына байланысты ауруханаға жатқызуды азайтады, және пациенттің өмір сапасын жақсартады), өлімді де азайтады. - созылмалы тұрақты стенокардияда Созылмалы тұрақты стенокардияны ұзақ емдеу. - миокардтың жедел инфарктісінен кейін солжақ қарынша функциясының бұзылуында Солжақ қарынша функциясының бұзылуымен қатар жүретін миокард инфарктісін (солжақ қарыншаның лықсыту фракциясы < 40% немесе қарынша қабырғасының қозғалу индексі ≤ 1,3) бастан өткерген пациенттерді АӨФ тежегіштерімен немесе басқа дәрілік заттармен біріктіріп емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары - бауыр функциясының елеулі бұзылуы - анамнезіндегі бронх түйілуі немесе бронх демікпесі (басқа да β-адреноблокаторларды қолданған кездегідей) 2 және 3-дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторы бар пациенттерді қоспағанда) - синус түйінінің әлсіздік синдромы (соның ішінде синоурикулярлық блокада) - айқын брадикардия (жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 соққыдан аз) - кардиогенді шок айқын артериялық гипотензия (систолалық АҚ 85 мм сын.бағ. төмен) - метаболизмдік ацидоз - феохромоцитома (жай-күйі -адренорецепторлардың жеткілікті блокадасымен тұрақтандырылған пациенттерді қоспағанда) - оң инотропты дәрілерді және/немесе диуретиктерді вена ішіне енгізуді талап ететін жүрек функциясының тұрақсыз декомпенсацияланған жеткіліксіздігі; өкпелік жүрек - верапамил және дилтиазем типтес кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде вена ішіне енгізу
Дозасы
Артериялық гипертензия Ересектер Ұсынылатын бастапқы доза - алғашқы 2 күн бойы тәулігіне бір рет 12,5 мг. Егер пациенттер осы дозаны жақсы көтеретін болса, онда оны жоғарылатуға болады. Демеуші доза: тәулігіне бір рет 25 мг.  Бұл доза көптеген пациенттер үшін жеткілікті. Әсері қанағаттанарлық  болмаған жағдайда, бірақ кемінде емдеудің 14-күнінен ерте емес, дозаны тәулігіне бір рет ең жоғарғы деңгейі – 50 мг дейін жоғарылатуға болады (немесе тәулігіне екі рет 25 мг). Тәуліктік доза 50 мг аспауы керек. Егде жастағы пациенттер Ұсынылатын бастапқы доза 12,5 мг құрайды. Бұл дозаны ұзақ уақыт қолдану кейбір пациенттерде артериялық қысымды бақылауға мүмкіндік береді. Әсері қанағаттанарлықсыз болған кезде дозаны 2 апталық аралықтан күніне бір рет 50 мг ең жоғары дозаға дейін немесе күніне екі рет 25 мг-ден арттыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.