+136 бонус

ТАКСИМ-О ФОРТЕ 100 мг/5 мл 60 мл

2730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефиксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: East African (India) Overseas
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді зат – 100 мг цефиксим (цефиксим тригидраты түрінде) қосымша заттар: сахароза, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бензоаты, лимон дәмі бар хош иістендіргіш.
Қолданылуы
Цефиксимге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялар: - фарингитте, тонзиллитте және синуситте - жедел бронхитте және созылмалы бронхиттің асқынуында - ортаңғы отитте - несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларында (жедел пиелонефритті де қоса)
Қарсы көрсетілімдер
- цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - 6 айға дейінгі балалар - спецификалық емес ойық-жаралы колит, құсу және диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары - анамнездегі қан кету - лактация кезеңі - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтоза ферментінің тапшылығы
Дозасы
Ересектерге және дене салмағы 50 кг артық 12 жастан асқан балаларға: бір реттік доза түрінде күн сайын 400 мг немесе тәулігіне 2 рет 200 мг-ден. Несеп шығару жолының және жатыр мойнының асқынбаған соз кезінде пероральді бір реттік 400 мг доза тағайындалады. Балалар: Суспензияның ұсынылатын дозасы тәулігіне 8 мг/кг құрайды. Ол тәуліктік дозада бір рет немесе 2 қабылдаумен, яғни әрбір 12 сағат сайын 4 мг/кг-ден қолданылуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде дозалануы: - Креатинин клиренсі 60 мл/мин пациенттерге тәулігіне стандартты доза 400 мг тағайындалады; Креатинин клиренсі 21-ден 60 мл/мин-ге дейінгі пациенттерге және бүйрек гемодиализінде жүрген пациенттерге стандартты аралықты сақтай отырып стандартты дозадан 75% (тәулігіне 300 мг) тағайындайды; Креатинин клиренсі 20 мл/мин кем пациенттерге және ұзақ перитонеальді диализде жүрген пациенттерге стандартты аралықты сақтай отырып стандартты дозаның жартысын (тәулігіне 200 мг) тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.