+173 бонус

ТАКРОПИК 0,03% 15 г мазь

3460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Такролимус
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г жақпамай құрамында: белсенді зат: такролимус 100% затқа шаққанда – 0,03 г немесе 0,10 г; қосымша заттар: макрогол-400, сұйық парафин, ақ жұмсақ вазелин, эмульсиялық балауыз, динатрий эдетаты, Euxyl PE 9010 консерванты (феноксиэтанол 90%, этилгексилглицерол 10%), тазартылған су.
Қолданылуы
ТАКРОПИК препараты ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде 0,03% және 0,1%, және тек 0,03% дозада 2 жастан 16 жасқа дейінгі балаларда: - атопиялық дерматитті (ауырлығы орташа дәрежедегі және ауыр түрлері) емдеу үшін сыртқа қолданылатын емнің өзге дәрілеріне резистенттілігі немесе осыларға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- такролимусқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - жүктілік және бала емізу кезеңі. Эпидермалық бөгеттің күрделі бұзылулары, атап айтқанда, Нетертон синдромы, ламеллярлық ихтиоз, «қожайынға қарсы трансплантант» реакциясының терідегі көріністері бар пациенттерде, сондай-ақ такролимустың жүйелі сіңірілуінің ұлғаю қаупіне байланысты жайылған эритродермияда ТАКРОПИК қолдануға болмайды. ТАКРОПИК препаратын 0,1% дозада 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде, 0,03% дозада – 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Дозасы
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға ТАКРОПИК препаратын терінің зақымданған аумақтарына жұқа қабатпен жағады. Препаратты дененің кез келген бөлігіне, оның ішінде бет пен мойынға, тері қатпарлары аймағына қолдануға болады. Препаратты шырышты қабықтарға және окклюзиялық таңғыштардың астына жағуға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда (2 жас және одан асқан) және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану Емдеуді тәулігіне екі рет 0,03% ТАКРОПИК жақпамайын қолданудан бастау қажет. Осы сызба бойынша емдеу ұзақтығы үш аптадан аспауы керек. Одан әрі қолдану жиілігі тәулігіне бір ретке дейін азаяды, емдеу зақымдану ошақтары толық тазартылғанға дейін жалғасады. Ересектер мен 16 және одан асқан жастағы жасөспірімдерде қолдану Емдеуді тәулігіне екі рет 0,1% ТАКРОПИК жақпамайын қолданудан бастау және зақымдану ошақтары толық тазартылғанға дейін жалғастыру қажет. Жақсаруына қарай 0,1% жақпамай жағу жиілігін азайтуға немесе 0,03% ТАКРОПИК жақпамайын қолдануға көшуге болады. Ауру симптомдары қайта пайда болған жағдайда күніне екі рет 0,1% ТАКРОПИК жақпамайымен емдеуді қайта жаңғырту керек. Егер клиникалық көрініс мүмкіндік берсе, препаратты қолдану жиілігін төмендетуге немесе аз дозада – 0,03% ТАКРОПИК жақпамайын қолдануға болады. Егде жастағы адамдарда қолдану (65 және одан жоғары) Егде жастағы адамдарда қолдану ерекшеліктері жоқ. Әдетте, жақсару ем басталғаннан бастап бір апта ішінде байқалады. Егер ем аясында жақсару белгілері екі апта ішінде болмаса, емдік тактиканы өзгерту туралы мәселені қарастырған жөн. Асқынуларды емдеу ТАКРОПИК препаратын қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қайталанатын ем курстары түрінде қолдануға болады. Терінің зақымдалған аумақтарын емдеу атопиялық дерматиттің клиникалық көріністері толығымен жойылғанша жүргізіледі. Әдетте, емдеудің алғашқы аптасында жақсару байқалады. Егер жақсару белгілері жақпамайды қолдану басталған сәттен бастап екі апта ішінде байқалмаса, одан әрі емдеудің басқа нұсқаларын қарастыру қажет. Атопиялық дерматит өршуінің алғашқы белгілері пайда болған кезде емдеуді қайта бастау керек. Асқынулар профилактикасы Анамнезінде аурудың жиі (жылына 4 реттен артық) асқынулар болған пациенттерде асқынудың алдын алу және ремиссия ұзақтығын арттыру үшін ТАКРОПИК препаратымен демеуші ем ұсынылады. Демеуші емді тағайындаудың орындылығы стандартты сызба бойынша (күніне 2 рет) 6 аптадан аспайтын уақыт ішіндегі алдыңғы емнің тиімділігімен анықталады. Демеуші ем кезінде ТАКРОПИК жақпамайын аптасына 2 рет (мысалы, дүйсенбі және бейсенбі күндері) әдетте асқыну кезінде зақымданған тері аумақтарына жағу керек. Препаратты қолдану арасындағы уақыт аралығы кемінде 2-3 күн болуы керек. Ересектер мен 16 және одан асқан жастағы жасөспірімдерде 0,1% ТАКРОПИК жақпамайы, балаларда (2 және одан асқан)– 0,03% ТАКРОПИК жақпамайы қолданылады. Асқыну белгілері пайда болған кезде ТАКРОПИК жақпамайымен емдеудің әдеттегі режиміне көшу керек («Асқынуларды емдеу» бөлімін қараңыз). Демеуші емнің 12 айынан кейін клиникалық динамиканы бағалау және ТАКРОПИК препаратын профилактикалық пайдалануды жалғастырудың орындылығы туралы мәселені шешу қажет. Балаларда клиникалық динамиканы бағалау үшін уақытша препаратты тоқтатып, содан кейін демеуші емді жалғастыру қажеттілігі туралы мәселені қарастыру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.