+130 бонус

ТАГАНСОРБЕНТ с ионами серебра 1 г №30 пак

2600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие кишечные адсорбенты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Сорбент
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Белсенді зат - Таган балшығы® натрий-кальций-магний монтмориллониттің табиғи минералы - 1г.
Қолданылуы
Монотерапия кезінде: - жедел және созылмалы диарея. Кешенді ем құрамында: - ішек инфекцияларында (сальмонеллез, дизентерия, тырысқақ) - гипербилирубинемияда (вирустық гепатит және басқа сарғаю) - тағамдық токсикоинфекцияларда (соның ішінде ботулизм) - асқазан-ішек жолының қыжылмен, метеоризммен және диспепсиямен қатар жүретін ауруларында - тағамдық және дәрілік аллергияда, поллинозда - экзогендік және эндогендік токсикоздарда (диффуздық және уытты зоб, бүйрек жеткіліксіздігі, химиялық және сәулемен емдеу кезіндегі  эндотоксикоз) - рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулерге дайындауда Профилактика экологиялық тұрғыдан қолайсыз өңірлердің тұрғындары, химия кәсіпорындарының қызметкерлері үшін ауыр металдардың тұздарымен, қорғасын шаңымен, иондаушы сәулемен және басқа да зиянды агенттермен уланудың профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
• ішек бітелісі • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ішке Ересектерге: 1 г-ден күніне 3 рет. 1 г ұнтақты 1/2 стақан суда сұйылтады. Ауыр жағдайларда дозасын тәулігіне 9 г дейін арттыруға болады. Профилактикалық мақсатта - жылына 4 рет бір ай бойы ұйықтар алдында 2 г-ден. Балаларға: 2 жастан асқан 1 г-нан күніне 2 рет. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда Тагансорбент® басқа дәрілік препаратты қабылдағанға дейін немесе одан кейін 2 сағат бұрын қолдану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеуші дәрігер анықтайды. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар Жоқ Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz info@tagansorbent.com, https://tagansorbent.kz/.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.